М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
elsoc
elsoc
04.03.2020 07:09 •  Қазақ тiлi

Қазақ қолөнері. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған.Қолөнер бұйымдарына не жатады? Қандай түрлерін білесін? Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне сай етіп эссе құраңыз.Эссе по этим во

👇
Ответ:
Алина113111
Алина113111
04.03.2020

Қазақтың ұлттық қолөнері.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.

Объяснение:

4,5(28 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
zverrodion199911
zverrodion199911
04.03.2020
  интернет деген не және ол не үшін қажет? бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер  ғаламдық  деп аталады. интернет- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және танымал желі.интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (international network). интернет- бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкнідіктер ұсынады. интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі.
4,6(29 оценок)
Ответ:
olyabat
olyabat
04.03.2020
I-жақ менің сабағым   IIжақ сенің сабағың  IIIжақ оның сабағы
менің сабағымның       сенің сабағыңның    оның сабағының
менің сабағыма            сенің сабағыңа        оның сабағына
 менің сабағымды         сенің сабағыңды    оның сабағын
 менің сабағымда          сенің сабағыңда    оның сабағында
менің сабағымнан         сенің сабағыңнан   оның сабағынан 
 менің сабағыммен       сенің сабағыңмен    оның сабағымен
 сіздің сабағыңыз, сіздердің сабақтарыңыз
сіздің сабағыңыздың, сіздердің сабақтарыңыздың
сіздің сабағыңызға, сіздердің сабақтарыңызға
сіздің сабақты, сіздердің сабақтарыңызды
сіздің сабақта, сіздердің сабақтарыңызда
сіздің сабақтан, сіздердің сабақтарыңыздан
сіздің сабақпен, сіздердің сабақтарыңызбен
сендердің сабағың, олпрдың сабағы
 сендердің сабақтарыңның, олардың сабақтарының
седердіңсабақтарыңа, олардың сабақтарына
сендердің сабақтарыңды, олардың сабақтарын
сендердің сабақтарыңда, олардың сабақтарында
сендердің сабақтарыңмен, олардың сабақтарынан
сендердің сабақтарыңмен, олардың сабақтары
 
4,6(36 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ