М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lera933737
lera933737
09.02.2020 10:59 •  Қазақ тiлi

Сейлемнің мағынасын ашажазылым10-тапсырма. төменде берілген сөйлемнің мағыотырып, нағыз саяхатшы болу үшін қандай қабілет керек екені тутшағын мәтін құрап жаз. мәтінге тақырып қой. мәтінде төл сөз бен арсөздері қолданылатындай сөйлемдер болсын.білуге деген әуестігі мен адал ниеті геродоттың бойында зерт.теушіге лайық сенім қалыптастырды. ол табиғи ескерткіштермен өзі жүрген аймақтардың ерекшеліктерін байыптап қарап,дәл сипаттап отырды.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
eka04599
eka04599
09.02.2020

Бауырсақ-кәделі тағам. Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды. Бауырсақ – дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Бауырсақты қазақтар ғана тұтынады десек, қателесеміз. Оны моңғол, орыс, қытай, француз қатарлы көптеген әлем елдерінің ас мәзірінен де көруге болады. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады. Мысалы, үлкен, домалақ, ішіндегі қамыры мол, сыртқы түсі аппақ бауырсақтар пісіріледі, олардан кішірек, жақсылап қуырылған қып-қызыл өріктей бауырсақтар пісіріледі, іші қуыс домалақ сары бауырсақтар, кіп-кішкентай тіске салғанда қыртылдап беретін ши бауырсақтар, төрт бұрыш пішінді ішінде қамыры мол сары бауырсақтар, төрт бұрышты жалпақ бауырсақтар тағы басқа түрлі бауырсақтар кездеседі. Бауырсақ ашытылған және ашытылмаған қамырдан пісіріледі

4,6(94 оценок)
Ответ:
hiko35773
hiko35773
09.02.2020

ответ:Танертең сағат 6.00 ұйқыдан тұрдым. Төсек орнымды жинастырып, жаттығу жасауға кірістім. Аяқтаған соң, шамамен, 6.30-дарда болу керек шәй қойдым да, жуынуға кеттім. Қайта келіп, дастархан басына отырдым, ноутбукті қостым, бүгінгі күннің ауа райымен, басты жаңалықтарымен танысып шықтым. Әдеттегідей, шәйдан соң сабақтарымды қайта қарадым. Уақыт жеткілікті... Біраз жүгіріп келсем де болады. Ал ендеше қарап жатқан болмас дедім де унтверситет алдындағы Ақбұлақты бір рет айналып, жүгіріп шықтым. Ауа райы керемет. Көңіл-күй көтеріліп қалды. Сағат тілі 8-ге де жақындап қалыпты ғой, сабаққа барайын. Жатақхана мен оқу корпусы арасы 5 минуттық жол. Сабаққа дайын болған сайын оқытушының келгенін асыға күтесің. Тапсырмаларды ойдағыдай тапсырып, келесі сабаққа, сосын басқа сабаққа...әйтеуір, осылай жүріп, сағаттың 2 болғанын білмей қаласың. Таңда сенімен қимай қоштасқан жатақханаға барып, бір-екі кесе шай ұрттайсың да, біліммен сусындататын "кітапхана" атты досыңа барасың. Сан саланы қамтитын кітаптарды көргенде жәннатқа түскендей күй кешесің. 2-3 сағат өте шығады. Ал міне, Жұлдыз(дебат клубының координаторы ғой, ал, мен сол клуб мүшесімін) хабарласты. Осы қыз ылғи менің жағдайымды сұрап, жиналысқа шақырады. Білгендерімді 1-ші курс студенттеріне үйретсін дейді-ау шамасы. Әдеттегідей, бас корпусқа барып, азды-көпті білген-түйгенімді іні-қарындастарыма үйретемін. Шамамен, 8-дерде жатақханама қайтып, ас дайындаймын. Кешкілік дастархан басында отырғанда ас ішумен қатар өз-өзіме есеп беремін. «Бүгін мен не істедім», «ертең қандай жоспарларым бар»...сұрақтар осылай шыға береді. Анамның «ас ішіп болған соң таза ауада жүріп қайт» деген ақылына құлақ асып, жарты сағат көлемінде жатақхана маңында жүріп, таза ауамен тыныстаймын. Қайта келген соң, 2-3 сағаттай сабақ қарап, уақыт артылып жатса, әлеуметтік желілерде достарыммен сөйлесемін. Түнгі сағат 1 ұйқы уақыты, яғни, жылы көрпеме оранып, ұйқыға кетемін...

Объяснение:

4,7(91 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ