Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келді, 1904 дүниеден озды. Қазақ халқының ұлы ақыны, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл- ағартушы, сазгер Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей облысы Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты- Ибраһим, әжесі еркелетіп "Абай" деп атап кеткен. Құнанбайдың жетi баласының ішінде ерекше зеректігімен көзге түскен- Абай.
Болашақ ақын жаз кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аңыз әңгімелерін бар ынтасымен тыңдайтын. Әке- шешесінің қасында жүрсе де, жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында шығыстың мәдениетімен, араб, парсы, шағатай тілдерін өздігінен үйренеді.
Ұлы жеңіске-75 жыл.
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ, алмады,
Сонау бір үйді шеттегі,
Соғыстың соңғы көктемі...
Мұқағали Мақатаев.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне 75 жыл болды.Қазіргі таңда біз бақытты,тыныш өмір сүріп жатырмыз.Ол кімдердің арқасында?Ол біздің батыр ата-араларымыздың арқасында.Сонау 80 жыл бұрын еліміз қиын жағдайда еді.Яғни қазақ халқы орыс империясына тәуелді болды.Қазақтардың тәуелсіздігі болмады.Орыс империясы қазақтарды құл қылып жұмсап,жерлерін және мал-мүлкін тартып алған еді.Олар біздің елмен қатал болды.Бірақта біз бұл қиындықтан шықтық.Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңес Одағы 27 миллион адамның өмірін берді. Міне, соғыстың зардабы. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 71жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Содан бері зымырап 72 жыл өте шықты."Шөлде суыңды сақта,Соғыста туыңды сақта"деп аталарымыз айтқандай елін -жерін сақтап,қандарын төккен еді.Сол ата-апаларымыз:Бауыржан Момышұлы-нағыз қазақтын қаһарман жігіті,Әдия Молдағұлова-қазақ қызы,қыз болса да елі үшін майданға барып,басын жауға тіккен еді.Бұл адамдар біз үшін үлгі.Қазіргі таңдағы майданда боған батырдарымызға ел қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр.Біз солардың алдында мәңгі қарыздармыз.Ұлы Отан соғысы өте қиын болды.Сонда да қаһарман батырларымыз сол соғыста жеңіп шықты.Қазақ елі оз тәуелсіздігін алды.Осыдан кейін ел бақытқа кенелді.Ұлы Отан соғысына -75жыл болды!