Табиғат-Ана бәрімізге ортақ. Табиғат -біреу, сондықтан оны қорғауымыз керек. Туған жердің табиғатына не жетсін! Табиғат ластанса адам өміріне қауіп төнеді. Тірі табиғат әрдайым қамқорлықты қажет етеді.
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы — Көкшетау», «Жер жаннаты — Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.