Объяснение:
Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ.
- Жақсы, мен саған бұл туралы азғантай кеңестер бере аламын.
- Жарайды.
- Ең алдымен әртүрлі сөздердің мағыналарын біліп алу үшін сөздіктерді пайдаланғаның жөн. Және де қазақ тілінде кітаптарды, әртүрлі газет-журналдарды оқығаның да артық болмайды.
- Жақсы, осы айтқандарыңды істеуді әдетке айналдырайын. Қазақ тілін үйренудің тағы да басқа тиімді тәсілдері бар ма?
- Иә. Сен теледидар мен әртүрлі желілер арқылы қазақ тіліндегі бағдарламаларды, видеоматериалдарды, мультфильмдерді көруіңе болады.
- Бұл тіл үйренудің тамаша жолы екен!
- Сонымен қатар қазіргі таңда ғаламторда қазақ тілінде әртүрлі логикалық, ойды дамытатын және тағы басқа ойындар шығып жатыр. Соны байқап көруіңе болады.
- Қандай қызықты тәсіл десеңші!
- Дұрыс айтасың. Және де қазақ тілінде жиі мәтіндерді оқы, жиі әртүрлі шығармалар жаз.
- Көмегіңе, берген кеңестеріңе көп раxмет, досым! Қазақ тілін жетік меңгеруге барымды саламын.