1-тапсырма. Мәтіннен негізгі ойды тауып, стильдік ерекшелігін анықтаңдар.
Мәтін не туралы? Мәтіннің түрлері қандай? Стилі. Мәтін қандай тақырыпқа
жазылған немесе қандай тақырыпта ой қозғайды? Мәтіннің қызметі немесе
мақсаты не, қандай аудиторияға арналып жазылған? Автор мәтінді жазу
барысында қандай тілдік құралдарды қолданған?
сорочна сорочна
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз. Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.