вот иво картинка қазақ тілі 5класс стр32 задание7 помагите чуваку
текст:Қазақ шайы көзді, көңілді той-
ғызуымен ерекше. Айсұлу ақ сүл-
гіге аз-кем орап, бұқтырып алған
шайды кесеге құюға қам жасады.
Адамның адамға деген қызметі
қымбат. Кісінің кісіге деген ықы-
ласы ерекше. Айсұлудың сұлулы-
ғы қимылында болып шықты.
Шырағым, қылықты қызме-
тіңе ризамын, талабың жансын!
Перзентті бол!
деп Елбасы ризалық сезімін білдіріп, алғыс
айтты.
Ислам-ака қалыспай өз жосығын жасауға асықты. Дастарқан
басынан тұра салып, есік сыртында тұрған көмекшісін шақырды.
Қол сөмкесін ашқызды. Ішінен лағыл түсті жібек орамал ша-
шылды. Бір шетінен шымши ұстап көтерген Ислам-ака:
Мынау қалыңдыққа арнап тоқылған Хиуа жібегі, Хиуаның
жібек орамалы!
деп құлашын кең жайған кезде, біраз жерді алып кеткен лағыл орамалды "Кел, қарағым",-деп, жақын келген келіншектің иығына жазыпты.
1.Шетелдік қонақтарды ЭКСПО-2017 көрмесінде қандай бұйымдар қызықтырды?
2.Ұлттық қолөнерді дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылуда?
Мәтіндегі негізгі мәселе-ұлттық қолөнерді дамыту,жаңғырту мақсатында қандай шаралар жасалып жатқандығы жөнінде.
Эссе: "Ұлттық қолөнерді жаңғыртудың тиімді жолдары қандай?"
Қазақ халқында қолөнері ерте кезден -ақ дамыған.Ол-біздің ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі десе болады.Егер қолөнеріне мән берілмесе,мәдениетіміз де дағдарысқа ұшырайды.Сол үшін қолөнерді жаңғыртудың маңызы зор. Ал оны қалай неден бастау керек? "Ел іші-өнер кеніші" деген қазақ халқының мақалы бар.Осы елді мекендердегі қолөнер шеберлерін тауып,олардың өнерін насихаттап, олардан сабақ алуымыз керек. Қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардан көрме жасап жұртшылық назарына ұсыну керек.Тіпті "Ұлттық қолөнер мектебі" курстарын ашса да артық болмас еді. Осы курстарды бітірген шеберлер мектепте технология пәнінен сабақта балаларды қолөнеріне үйретсе нұр үстіне нұр болар еді. Мектепте арнайы қолөнер үйірмелері тұрақты жұмыс жасаса,оқушылардың бос уақыты пайдалы өткен болар еді. Мәселен,теріден,жүннен бұйымдар жасау-өте қызықты іс. Сол сияқты зергерлік өнер де әсемдікке,өнерге баулиды.Мектепте зергерлікті үйренген бала, еңбекке өнерге қызығушылығы артады. Ұлттық қолөнер бұйымдар байқауы жиі өткізіліп,жеңімпаздар марапатталса ол да бір өнерді өрге сүйрейді деп сенемін.
Объяснение: