Қолөнер бұл қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды
I-жақ менің сабағым IIжақ сенің сабағың IIIжақ оның сабағы менің сабағымның сенің сабағыңның оның сабағының менің сабағыма сенің сабағыңа оның сабағына менің сабағымды сенің сабағыңды оның сабағын менің сабағымда сенің сабағыңда оның сабағында менің сабағымнан сенің сабағыңнан оның сабағынан менің сабағыммен сенің сабағыңмен оның сабағымен сіздің сабағыңыз, сіздердің сабақтарыңыз сіздің сабағыңыздың, сіздердің сабақтарыңыздың сіздің сабағыңызға, сіздердің сабақтарыңызға сіздің сабақты, сіздердің сабақтарыңызды сіздің сабақта, сіздердің сабақтарыңызда сіздің сабақтан, сіздердің сабақтарыңыздан сіздің сабақпен, сіздердің сабақтарыңызбен сендердің сабағың, олпрдың сабағы сендердің сабақтарыңның, олардың сабақтарының седердіңсабақтарыңа, олардың сабақтарына сендердің сабақтарыңды, олардың сабақтарын сендердің сабақтарыңда, олардың сабақтарында сендердің сабақтарыңмен, олардың сабақтарынан сендердің сабақтарыңмен, олардың сабақтары