Берілген сөздердің фонетикалық талдауы.
«Таяқ» сөзінің фонетикалық талдауы.
Таяқ – 2 буын: та – ашық, яқ – тұйық.
Т - дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Я – қосарлы дыбыс:
- й - дауыссыз, үнді;
-а - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Қ - дауыссыз, катаң.
Сөзде 4 әріп, 5 дыбыс бар.
«Үзеңгі» сөзінің фонетикалық талдауы.
Үзеңгі – 3 буын: ү – ашық, зең – бітеу, гі – ашық.
Ү – дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік;
З – дауыссыз, ұяң;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Ң – дауыссыз, үнді;
Г – дауыссыз, ұяң;
І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.
Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.
«Рәсім» сөзінің фонетикалық талдауы.
Рәсім – 2 буын: рә – ашық, сім – бітеу.
Р – дауыссыз, үнді;
Ә – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
С – дауыссыз, қатаң;
І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;
М – дауыссыз, үнді.
Сөзде 5әріп, 5 дыбыс бар.
«Лашын» сөзінің фонетикалық талдауы.
Лашын – 2 буын: ла – ашық, шын – бітеу.
Л - дауыссыз, үнді;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Ш - дауыссыз, қатаң;
Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 5әріп, 5 дыбыс бар.
«Жүйрік» сөзінің фонетикалық талдауы.
Жүйрік – 2 буын: жүй – бітеу, рік – бітеу.
Ж - дауыссыз, ұяң;
Ү - дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік;
Й - дауыссыз, үнді;
Р - дауыссыз, үнді;
І - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;
К - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 6әріп, 6 дыбыс бар.
1.Жалпы есімді тап
а) Арман
ә) ана
б) «Қызыл ту»
в) Тынышбаев
ответ: ә) ана
2. Қаратпа сөзді сөйлемді тап
а) Мен бүгін футбол ойнауға барамын.
ә) Сен неше жастасың?
б) Айгүл, сен не дедің?
в) Қой, олай деме!
ответ: б) Айгүл, сен не дедің?
3. «Жасақ» заңын қандай би жазды?
а) Әйтеке би
ә) Майқы би
б) Төле би
в) Қазыбек би
ответ: ә) Майқы би
4. «Жеті жарғы» қандай ханның тұсында орын алды?
а) Тәуке
ә) Абылай
б) Жәңгір
в) Әбілмансұр
ответ: а) Тәуке
5. Жалқы есімді тап
а) Дәрігер
ә) Мұғалім
б) Көрші
в) «Сарыарқа самалы»
ответ: в) «Сарыарқа самалы»