М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yarik93
yarik93
24.04.2020 19:24 •  Қазақ тiлi

Театр –өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтінсахналық өнердің бір түрі. «Театр» –
көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым
мағына береді. Ең алғаш театр өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда
қалыптасты. Сахналық өнердің комедия және трагедия жанрлары да сол
дәуірден бастау алады. Эллада елінің әртістері қолданған маскалар театр
символына айналды.
Қазақ театрының тарихы ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан басталады. Сол
жылдары ана тіліміздегі алғашқы драмалық туындылар жазылып, әуесқой
әртістердің күшімен сахнада қойылды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық
жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар
Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналанды. 1918-24
жылдары Ақмолада, Көкшетауда, Орынборда, Шымкентте көптеген
драмалық үйірмелер ұйымдастырылды. Ал тұңғыш кәсіби театрымыз 1925
жылы Қызылорда қаласында ашылды. 1928 жылы өнер ордасы жаңа астана –
Алматыға қоныс аударып, Қазақ мемлекеттік драма театры атанды.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
2-тапсырма. Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Театр деген не? Мағынасы қандай?
2. Театр ең алғаш қайда ашылған?
3.Қазақ театрының тарихы қай уақыттан басталады?
4. Қай спектакль, қай жерде және қашан алғаш рет сахналанды?
5. Тұңғыш театрымыз қашан және қай жерде ашылды?
6. Қазақ мемлекеттік драма театры қашан ашылды?
3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
дұрыс дұрыс емес
Театрда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да
өтеді.
Театр ең алғаш Германияда ашылған.
ұжымының шеберлігі шыңдалып, күрделі классикалық туындыларды
игергендігінің дәлелі болды.
6-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құраңыз.
7-тапсырма.Мәтіндегі туындыларды,театрының,драмаларын сөздеріне
морфологиялық талдау жасаңыз
Бекіту:Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.Қазақтың тұңғыш театры қай қалада ашылған?
a) Қызылорда
b) Алматы
c) Астана
d) Тараз
2. «Еңлік-Кебек» пьесасын жазған кім?
a) М.Әуезов
b) М.Қаратаев
c) Е.Брусиловский
d) А.Құнанбаев
3. Өнер ордасы қай жылы жаңа астана – Алматыға қоныс аударды?
a) 1925жылы
b) 1928жылы
c) 1929 жылы
d) 1932 жылы
4. Қазақ театрының тарихы қай уақыттан басталады?
a) ХХ ғасырдың 16-17жылдарынан
b) ХХ ғасырдың 17-18жылдарынан
c)ХХ ғасырдың 13-14жылдарынан
d)ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан

👇
Ответ:
настя7598
настя7598
24.04.2020

2-тапсырма

1 Театр –өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз

алдында актерлер күшімен бейнелейтінсахналық өнердің бір түрі.Театр» –

көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» дегенді білдіреді

2 Ежелгі Грекияда

3 ХХ ғасырдың 14-15 жылдары

4 1917 жылы маусым айында Ойқұдық

жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар

Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы

5 1928 жылы Алматы қаласында

6 1925 жылы Қызылорда

3 тапсырма

1 дұрыс

2 бұрыс

Тест тапсырмалары

1 B

2 a

3 b

4 d

4,4(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
milanaegorova90
milanaegorova90
24.04.2020
Ақын бауыржан жақыптың туғанына 50 жыл (1963)  филология  ғылымдарының докторы, профессор бауыржан өміржанұлы жақып 1963 жылы 1 мамырда қазіргі шығыс қазақстан облысы, абай ауданы аққора ауылында туған.

1985 жылы қазіргі әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1986 жылдан әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде оқытушылық қызметте болды. 1986-1988 жылдары стажер-зерттеуші, 1988-1991 жылдары ассистент, 1991-1994 жылдары аға оқытушы, 1994-1995 жылдары доцент. 1995-2001 жылдары деканның  оқу ісі жөніндегі орынбасары, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі, баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы.

4,4(58 оценок)
Ответ:
Шпунтик99
Шпунтик99
24.04.2020
Біздің отанымыз – қазақстан республикасы. қазақстан республикасы ірі мемлекеттердің бірі. бұл ел еуразияның орталығында орналасқан. елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. қазақстан республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт – қазақтар. қазақстан жері – кең-байтақ. шекараның ұзындығы 14,6 мың шақырымға жуық. шекарамыз солтүстігінде ресеймен, шығысында қытаймен, оңтүстігінде орта азия республикаларымен және батысында каспий теңізімен шектеседі. шекарамыз алтай тауларынан  каспий теңізіне дейін, тянь-шань тауларынан орал тауларына дейін созылып жатыр. қазақстан аумағы 2,7 миллион шаршы шақырымнан астам. мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қ бар.

        республиканың әр аймағы бір-бірімен табиғат және қ  жағдайларына байланысты ерекшеленеді. егер республикамыздың бір жерінде металл өндіру, машина жасау, өнеркәсібі болса, екінші жерінде мақта, қант қызылшасы өсіріледі немесе мұнай, темір, алтын, мыс мол. «жері байдың-елі бай» дейді қазақ халқы.

4,4(97 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ