Ақшаны қалай үнемдеуге болады?
Сөздікке сүйенер болсақ, ақша дегеніміз - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ. Қазіргі заманда ақша кейбір адамдар үшін өмірдің мәні болып отыр, дегенмен, ақша бүгін бар, ертең жоқ нәрсе екенін ұмытпайық. Ал енді, осы ақшаны үнемдеп, тиімді пайдаланудың жолдары қандай екен?
1. Менің ойымша, ең алдымен ай сайынғы кіріс пен шығысты жазып, есептеп отыру қажет. Жай ғана есептеп қоймай, жұмсалатаны қаражатты бөлек қойып, жоспарлау керек.
2. Жоспар демекші, сатып алынатын тауар мен тамақтың да тізімін жазып, сытып алынғанына белгі қойған дұрыс. Сонда дүкенге барған кезде қажетсіз нәрсе сатып алмай, ақшаны да үнемдей аласыз.
3. Ақшаны үнемдеудің тағы бір жолы, үйдегі су мен электр тоғын үнемді пайдаланып, қажет емес кездері сөндіріп қою керек. Сол кезде ай сайынғы пәтер ақының да төлемі азаяды.
4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз. Яғни көрсеқызарлық танытпай, сатып алмас бұрын әбден саралап, бағаларды салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз.
Ал сіз осы ақыл – кеңестер тізіміне не қосар едіңіз? Жалпы, ақшаны үнемдеп жұмсауға қалай қарайсыз?
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
біз кешегі күнді алдыңғы күндегідей етіп өткіздік