М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yuliaovcharova
yuliaovcharova
29.01.2021 18:43 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі-бай тіл шыгарма​

👇
Ответ:
Merlin6666
Merlin6666
29.01.2021
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. 

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем  

Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. 

Менің елім – көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.

Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:

Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!

Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.

Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын

Туған ана тіліңде сөйлемесең, – дегім келеді.

Сырдың сыршыл ақыны Ә.Тәжібаев «Біз түгел қазақ бола білейік» деген өлеңінде:

Күркіре, көңілім,

Қобызым, гуле, бұрқыра!

Күн жаңа туды

Ерлікке ғана ұмтылар.

Елдікті қорға,

Елдікті бастар ерлікті айт.

Сарының сенің

Рух берсін жуас жұртыңа

Жырла, тілім, жырла! - дейді.

Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!   
4,7(39 оценок)
Ответ:
lizasyper6
lizasyper6
29.01.2021

Шығарма

Қазақ тілі – ертеңім, болашағым

Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.

Ең алғаш сол тілменен сыртқы шықты,

Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім.

Ана тілі - халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,

Отанымызды танып білеміз.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының « Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде үлкен мән жатыр.

Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметпен бірдей.

Қазақтың біртуар Абайы «Естілердің айтқан сөздерін есіркеп жүрген кісі өзі де есті болады» деп тегін айтпаған. Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Ана тілімізді мәпелей білуіміз керек. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

Ең тәтті де – тіл,

Ең ашты да – тіл,

Ең жұмсақ та – тіл,

Ең қатты да – тіл.

Тіл – ұлттың жан дүниесі.

Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы.

Опорный орта мектебінің 3 «ә» сынып оқушысы

Байғалиева Ақбота.

Объяснение:

шыгарма дайын

4,7(8 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
shintasovazeba
shintasovazeba
29.01.2021

Сырбай Мәуленов (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет ба редакция меңгерушісі, 1957 —1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының,1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды.

Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді ба зге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды.

Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.[1]

4,8(78 оценок)
Ответ:
dsayui56
dsayui56
29.01.2021

Болашақ біздің таңдаған дұрыс таңдауымызға байланысты. Жақында елімізде маңызды сайлау өтеді. Біздің мемлекетіміздің өзін-өзі құрметтейтін азаматы Ресей Федерациясының Президенттік сайлауына қатысуға міндетті деп санаймын - Ресейдің дамуы мен дамуы президентке байланысты.

Біз үкіметке сыбайлас жемқорлықпен күресте көмектесуіміз керек, сонда өмір әлдеқайда жақсарып, мемлекет өркендейді. Біздің әрқайсымыз парақорлық болмауға тиіс екенін түсінуіміз керек. Мен жемқор емес адамдарға арнайы аудит құруды ұсынамын. Айына бір рет жасырын түрде әр аймаққа екі инспектор жіберіңіз, олар заң бұзушылықтарды және тұтастай алғанда облыстың жай-күйін анықтайды, бас қала тұрғындарын әкімнің жұмысы туралы, ал елді мекендердегі адамдар жергілікті әкімшіліктің жұмысы туралы сұрайды. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең маңызды ұсынысы пара алғандарға жазаны қатайту болады деп ойлаймын. Шамамен жазалау шарасы: барлық мүлікті тәркілеу, бұрын атқарған қызметіне қайта оралудың мүмкін еместігі, ақшаны басқа адамдардан алу керек екенін түсіну үшін шахталар мен фабрикаларда түзету жұмыстарымен он жылға бас бостандығынан айыру жазасы.

Мен өмір сүріп жатқан қаланың болашағын көрмеймін, бәрі қоқыспен толы, қоқыс үстінде әдемі жатқан құлаған белгі, баяғыдан-ақ әдемі ағынды қоқыс тастаған. Бір көшеге контейнер жетіспейді - басқа көшелерден қоқыс шығарылады. Кейде электр қуаты күні бойы өшіріледі, бірақ жаз бойы дерлік су болмайды, ол үнемі құбырлар арқылы үзіліп тұрады. Көптеген көшелер сияқты, менің көшеде ешқандай жол жоқ, тек бормен себілген жер ғана, жаңбырдан кейін бұл «жол» өтуге болмайтын қоқысқа айналады. Жергілікті билік ешкім жүрмейтін ескі зираттан саябақ жасауды ұйғарды - олар зиратты қазды, марқұмдардың денелерін қаңғыбас иттер алып кетті, ал жақын адамдар, адамдар деп айтуға келмейтін адамдар өз учаскелеріне қабірлерден жол салу туралы ойлады.

Елімнің болашағы шынымен менің қолымда, өйткені мен жақында бастауыш сынып мұғалімі боламын. Ұстаз өзінің шәкірттеріне сыбайлас жемқорлық жаман, ол ғасырлар бойы қалыптасқан елді бұзады деген түсінік беруге міндетті.

4,5(24 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ