Ұйықтар алдында бөлмеме келген балам: – Әке, мына жазған шығармамды оқып, қате жері болса дұрыстап беріңізші, – деп қолыма бір дәптерді ұстатты. Онда бұлай жызылыпты: «Апай бүгін бізге «Мен өскенде кім боламын?» – деген тақырыпта шағын шығарма жазып келуімізді тапсырды. Мен мектептен үйге жеткенше ойланып келдім. Мен өскенде кім боламын? Қандай қызық сұрақ, маған салса бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді.
Дәрігер болғым келеді, әсіресе кардиолог. Әжемнің жүрегі ауыратындықтан, үнемі кардиолог дәрігер туралы үйде, дастархан басында жиі айтылады. Шіркін, кардиолог болсам ғой, әжемді емдеп жазар едім. Ал әкемнің жағдайын ойласам, бастық болғым келеді. Өйткені әкем жұмысбасты, соның өзінде демалыс немесе мереке күндері бастығының бұйыруымен жұмыстан тыс жұмыстарға тартылады. Содан бізді ойнатып шығуға уақыты болмай қалады. Егер бастық болсам, әкемді жұмсағыш бастықтың өзін жұмсар едім.
Ал анамды ойласам дүкендегі сатушы болғым келеді. Оның себебі, анам демалыс күндері қала сыртындағы базарға азық-түлік, көкөніс сатып алуға кетеді. Содан шаршап келіп, үй жұмысына кіріседі, бізбен бірге ойнауға мүлде зауқы болмайды. Біз одан: – Ана, бұл заттар үй қасындағы дүкендерде де бар емес пе, несіне ұзаққа барып, қап арқалап босқа шаршап жүрсіз, – дейтінбіз. Маңдайы тершіп, екі иығынан дем алып отырған анам бізді бауырына басып, жүзі күлімсіреп, «ол жақта арзан, бұл жерде қымбат. Ақшаны үнемдеп жұмсау да, жұмыс істеп ақша табудан кем емес» дейтін.
Үйге келген соң да ойландым. Шіркін, бір адам үш түрлі мамандық иесі болуға мүмкіндік болар ма екен? Болса, мен осы үш түрлі жұмыстың бәрін де істер едім. Баламның жазған шығармасы осы, оқып шықтым. Қасымда не дер екен деп, демін ішіне тартып тұрған баламды бауырыма басып, маңдайынан иіскеп, ризашылық білдірдім де: – Балам, шығармаң жақсы екен. Маған өте ұнады. Бірақ, менің ойымша, бала өскенде ең алдымен Адам болуы керек. Содан соң жаны қалаған бір немесе бірнеше кәсіпті игерсе, нұр үстіне нұр болары хақ, – дедім.
Этот ответ правильный. Проверил в онлайн мектепе.
Объяснение:
Мен сиқыршы болсам, дәрігерлер емдей алмай жатқан барлық аурулардың көзін жоямын. Өйткені, денсаулық – адамның ең басты байлығы. Ғажайып күшімнің көмегімен, әлемде жетім балалар болмайтындай жасар едім. Бүкіл балалардың әкесі мен анасы болып, олардың жанұялары сүйіспеншілікте өмір сүретін еді. Жер бетінде болып жатқан соғыстарды тоқтатып, бейбітшілік орнатуға барлық күшімді саламын. Пайдалы қазбалар мен жер мәселесі үшін туыңдаған жанжалдарды болдырмаймын. Адамдарды өздерін және басқаларды құрметтеуге үйретемін.
— Сіз Күлкіні айтып тұрсыз ба? — деді әлденеден секем алып тұрса да, белгілі бір шешімге келе алмай. — Бәрін күлкімен жеңу деген...
Осы кезде Роберт бар денесімен бұрылып профессор ешқашан естіп көрмеген бір жат үнмен лекілдетіп, бар даусымен қарқылдай күлді. Профессор абдырап Роберттің жүзіне қарағанда оның қисайып кеткен аузын, бүкіл ақыл-ой нышанын жоғалтып, есірік бұған көздерін көріп, кнопканы қалай басып қалғанын өзі де білмей қалды. Есіктен басын қылтитқан қызметші әйелге:
— Тез, телефон соқ, — деді жан даусы шыға. — Роберт жынданып кетті... Тез...
Осының бәріне, тіпті бүкіл тіршілік атаулыға шегі қатып күлгендей қарқ-қарқ еткен Роберттің тарғыл даусы қашан ақ халат киген дәрігерлер келгенге дейін бөлме ішін тоқтаусыз жаңғырықтырып тұрды.
II
Роберт ұйқы терапиясынан кейін кәдімгідей қалыпқа келіп, коридорға шығып, қабырға ілінген суреттерге, түпкі фойедегі қолдан егілген пальма ағашына, өзіне көз тастап өтіп жатқан сестраларға қарап, бұрыштағы креслода бүктетіле отырып, күндізгі уақытын тып-тыныш өткізетін болды. Сестраларға терезедегі гүлге су құю керек екенін ескертті. Тамақ әкелген қызға жылы шыраймен рахмет айтып, тіпті бір рет кезекші дәрігерден аурухананың бас дәрігерінің аты-жөнін сұрап, одан кейін палатаға күнделікті газет-журналдарды уақытымен әкеп тұруды талап етті.
Таңертеңгі астан кейін Роберт бас дәрігердің қабылдауында болды. Дәрігердің бақылау сұрақтарына Роберттің байсалды жауап бергені соншалық, кабинет ішінде отырған әлдеқандай практикант студент қыздың: «Мына кісі сап-сау ғой»,- деген сыбырын жұрттың бәрі естіп қалды.
Роберттің дәрігерден шығып коридордағы орындыққа отыра бергені сол еді, дәл қасынан кішкене баланың күлкісі естілді. Бірақ Роберт жалт қараған кезде алдында тұрған бала емес, екі шекесінің шашы еп-ерсі тікірейген қасқа бас аласа кісіні көрді.
— Хе-хе-хе... — Қасқабас Роберттің бетіне беті тигенше үңілді. Содан кейін:
— Мен автомат адаммын, — деді сыбырлап. — Мен автомат адаммын: Мен автоматпын. — Қолымен кеудесін түртті. — Ішінде ток жүретін катушка бар, жіп-жіңішке сары сыммен қапталған. — Қолын көрсетіп бірнеше рет ашып-жұмды. — Бәрі механизм. Рычагпен ашылып жабылады. Тұрған бойы механизм, — деп қолының механизм екеніне қуанғандай, тағы да бірнеше рет ашып жұмды.