Туған жер - әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Оның күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан-жануары, шырылдаған құстары - бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. Қайда жүрсең де өзіне тартып тұратын, есіңе түссе көңіл қобызыңды беу-беулетіп, жүрек отын жағатын дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу, алыстасаң сағынбау мүмкін емес. Себебі, туған жер - Сахарада да туған жер. Жерінде жеміс-жидек бітік өсіп, көк желегі жайқалмаса да, қу шөптің басы қылтимайтын туған топырағың бәрі-бір де қасиетті, бәрі-бір де өзге жер, өңге мекенмен салыстыруға да келмейді
Қазақтың көрнекті жазушысы С.Елубай, негізінен, реалистік мәнерде жазады. Оның қазіргі қазақ прозасында өзіндік із қалдырған тақырыбы тың, ойы өзекті шығармаларының шоғыры – «Ақ боз үй» трилогиясы. Ол үлкен бір дәуірдің сипатын беретін «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» атты жеке кітаптардан тұрады. Трилогия қазақ қоғамының жиырмасыншы жылдардағы аумалы-төкпелі дәуір шындығын: жаппай ашаршылық, елге төнген нәубет, асыра сілтеу, қазақы дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қирату, одан бергі кезеңдерде жалғасын тапқан заман құқайын, тағдыр тауқыметін шынайы бейнелеп – барлығы біртұтас дүниені құрайды.
Салыстырмалы түрде үш кітаптың ішінде «Жалған дүние» романының экзистенциалистік сарыны, мистикалық, философиялық астары қалыңдау. Ал алғашқы екі кітапты шартты түрде, «қатаң» реализм шеңберінде жазылған деуге болады. Сондықтан мақалада трилогияның соңғы кітабы «Жалған дүние» романы қарастырылады.