Менің сүйікті ойыншығым туралы.
Әрбір балада көптеген ойыншық түрлері болатыны сөзсіз – ата – анасы, әжелері мен аталары, ағалары мен апалары туған күн, жаңа жыл, мереке секілді күндері түрлі ойыншықтар сатып алып беріп жатады. Менде де бөлмемде ойыншықтарымды жинайтын шкафта бос орын жоқ. Дегенмен, осы көптеген түрлі ойыншық ішінде менің сүйсініп ойнайтын ойыншығым - ол ағаштан әзірленген біздің ас үйіміздің кішігірім көшірмесі. Ата – анам туған күніме сыйлаған болатын. Әкем оны өз қолымен ағаштан жасап, сыртын арнайы ойыншықтарға арналған боуямен бояп берген болатын. Қолдан жасалған ойыншық болған соң өзіме аса ыстық. Барлық есіктері ашылып, шкаф ішіне ойыншық ыдыс – аяқты жайғастырып қоюға болады. Тіпті тоңазытқыш пен ас әзірлейтін пеш те бар. Сабақтан бос уақытта осы ас үй ойыншығымен ойнағанды ұнатамын. Түрлі тамақ әзірлегендей елестетіп ойнаймын. Одан қуыршақтарым мен жұмсақ ойыншықтарымды отырғызып қойып, оларға «пісірген» тамақты беріп, ойнағанды жақсы көремін. Анам тамақты өте дәмді әзірлеп, неше түрлі тәттілер пісіреді. Мен де бой жеткенде анама ұқсап тамақты дәмді әзірлеп, отбасымды қуантқым келеді.Ал әзірге мен тек үйреніп, анамның істегенін қайталауға тырысып жүрмін.
Орамжапырақ - шаршыгүлділер тұқымдас бір, екі және к
өте бағалы көкөністік дақыл. Орамжапырақтың 35-ке жуық түрі бар. Олар Еуразияда, Солтүстік Африкада, көбінесеЖерорта теңізі елдерінде өсіріледі. Оның түрлері: ақ қауданды орамжапырақ, жапырақты, брюсселъдік, кольраби, гүлді орамжапырақтар.
Гүлді орамжапырақ - шаршыгүлділер тұқымдас біржылдық жаздық және күздік көкөністік дақыл. Оның сабағының биіктігі 70 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтарының ұзындығы - 30-90 см. Гүлшоғыры - тығыз шоқпарбас. Гүлсағақтың және бітеугүлдің тармақтары қысқарып, жуандауынан гүлшоғыр пайда болады. Гүлшоғырдың тармақтары өсе келе ұзарып, қалыпты гүл орналасатын өркен түзеді. Гүлдерінің ені 1,5-2,5 см. Күлте жапырақшалары ақ немесе сары түсті болып келеді. Жемісі - бұршаққын. Тағамға өзгерген гүлшоғыр пайдаланылады. Гүлшоғырдың құрамында 1,2-4,4% қант, 1,5- 3,7% нәруыз және 180 мг-ға дейін С витамині болады.
Гүлді орамжапырақ - қауданды орамжапырақтан кейінгі кеңінен мәдени түрге айналған көкөністік дақыл. Гүлді орамжапырақ жылу талғамайды, сондықтан төмен температурада да жақсы өседі. Ауа райы ыстық болса, оның шоқпарбасы болбырап, қопсып кетеді. Аздаған суыққа төзімді дақыл, ылғалдылықты қажет етеді. Гүлді орамжапырақжарық сүйеді. Көлеңке басымырақ болса, өсімді кезеңі ұзарып, шоқпарбасы ұсақталып кетеді. Ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда бұл топырақ құнарлылығын қалайды. Гүлді орамжапырақ өсірудің сан алуан жолдары бар.
Ашық ызбарда (грунт) өсіру үшін 40-60 күндік көшеті пайдаланылады. Көшетті ерте көктемде егіп даярласа, жаз басында түсім алуға әбден болады. Жазда және күзде пайдаланылатын кететін көктемнің соңынан жаз ортасына дейін гүлзарға отырғызу қажет. Ал түсімді күзде-қыста пайдалану қажет болса, әр түрлі орындарда одан әрі өсіреді. Шоқпарбасы қаңтар-ақпанда пайдаланылатын жағдайда одан әрі өсірілетін орынның температура 1-5 С болуы тиіс.Шоқпарбас біркелкі пісіп жетілмейді. Сондықтан оның пісіп жетілуін қадағалан, дер кезінде таңдап жинаған жөн. Өйтпеген жағдайда шоқпарбастар болбырау пайда- лану сапасынан айырылады.
АпельсинЖеміс-жидек дақылдары - шырынды және құрғақ жеміс-жидекті өсімдіктер. Жеміс-жидекті дақылдардың жемісі 6 топқа бөлінеді. Олар: шекілдеуікті (алма, долана), сүйекті (шие, алхоры), жидекті (қарақат, жүзім) жемістер. Сондай-ақжаңғақты (талшын, жаңғақ), цитрусты (мандарин, апельсин) және субтропиктік (құрма, інжір) жемістер. Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік-шығысында алма, алмұрт, алхоры өсіріледі. Ал солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында тошала,қарақат, долана, шәңгіш, шетен өседі.
Біздің еліміз Қазақстан,әрине бұны естігенде аайтканда ең алгаш ойымызга көз алдымызға келетіні ол келетіні-Табиғат.бәріміз білеміз Қазақстанда экспо 2017 өтті,онда бәрі әртүрлі елдерден келді былайша айтқанда шетелден.Шетелдік адамдар біздің еліміздің табиғатына тамсанды әсіресе жас қаламыз Астанаға себебі Астанада түрлі зәулім сарайлар саябақтар бәйтерек ханшатыр сияқты биік әдемі зәулім сарай барлығы еліміздің тұңғыш президенті Нұрсултан Назарбаев Әбішұлының арқасында.