ответ:Ерте ерте ертеде, ешки журди буртеде бір робот-адам өмір сүріпті. Ол өз армандары әрқашанда орындалатынын армандаған. Айлар сырғып, жылдар жылжып, ол адам жаңа мектепке түскісі келді. Не істеу керектігін білмей, далаға шығып бар күшімен аспанға айқай салды. Айқай шықаннан ештеңке шықпайды деп, аспаннан түсініксіз ұшақ сияқты ұшатын, тәрелкені көрді. Тәрелкенің ішіне кіргеннен кейін ақылды, басқа планетадан келген, қарт кісіні көрді. Оның басы ұсақ және көзі дәу болса да, балаға ақыл айтты.
-Балам, еңбек етпесең, азаннан босқа отырсаң, ештеңке шықпайды. Егер жаңа мектепке барғың келсе, еңбектен.
Сол кезден бастап, ол робот-адам еңбектеніп барлық жетістіктеріне жетіп, өз армандарын орындады.
Объяснение:
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.