Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.[1]
Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан.[2]
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949).
Нарынқол ауданында мұғалім болды.
"Жұлдыз" журналында жұмыс істеген.
"Балдырған" журналында қызмет атқарады.
Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70).
Шығармалары
"Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы
"Он алты жасар чемпион" (1951)
"Бақыт жолы" (1952)
"Алыстағы ауылда" (1953)
"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).
"Дала жұлдызы" (1960)
"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)
"Гауһар" (1966) повестерін жазды.
"Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
"Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)
"Әпенденің айласы" (1960)
"Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.
Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).[3]
Объяснение:
Шығармада: Лондон клубында "Әлемді 80күнде аралап шығуға болама?-деп дауласқандарға,Фогг болатынын айтып,Сюартпен 20миллион фунт стерлингке бәстеседі.Сөйтіп бәсеке 2қазанда басталады,мерзім 21желтоқсанда аяқталуы керек.Фогг қасына Паспартуды алып жолға шығады.Жолсапар-Лондон-Париж-Суец-Моголия-Бомбей-Гонконг-Иокогама-Сан-Франциско--Нью-Иорк-Ливер-пуль-Лондон бағытында болды.Шытырман оқиғалардан,ізкесуші Фикстің кедергілерінен аман есен өтіп,20желтоқсан 8.50де Фогг уақыттан жаңылысып 1күн ерте келіп,бәсте жеңіске жетеді.
Етістіктің шақтары.
Қазақ тілінде үш шақ бар: өткен шақ, осы шақ және келер шақ.
1. Өткен шақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.
1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.
Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың.
2) Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары
1. -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.
2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Салима бұныәпкесіне де айтқан.
3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді
2. Осы шақ
Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.
Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.
1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.
Мысалы: Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын). Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)
Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.
Мен оқып жатырмын. Біз оқып жатырмыз.
3. Келер шақ
Келер шақ - сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханага ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.
1) Болжалды келер шақ іс-әрекеттің кейін болатын, болмайтынына болжам, жорамалды білдіреді.
Мысалы: Апам бір амалын табар.
2) Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту, болу мақсаты айтылады.
Мысалы: 1. Алматыға баруға ниет етпекпін.
2. Жоба жұмысын бугін-ертеңдер бітірмекпін.
3) Шақтық мағына сөйлем ыңғайына қарай айқындалатын келер шақ түрі ауыспалы келер шақ деп аталады.
Мысалы: Олимпиаданың қорытындысын ертең айтады.