1. Фантазия - өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі.
2. Фантазия ақылды кеңейтеді. Қиялды арттырады.
3. Фантазия құлықты түзейді.
4. Бірақ, қиялға көміліп жүрген шын өмірді ұмытп кетуіңде әбден мүмкін.
5. Сонда да, қиял адамға берілетін әдемілік, ләззат сезім ғой.
6. Қорытындыласақ, фантазия жоқты бар қылатын, барды гүлді көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін де сол аса қажетті сезім.
Объяснение: Егер менің жауабым саған көмектесе, мағанда көмектесп менің жауабымды ең жақсы (лучший ответ) деп белгілеші.
Талап
Жоспар
1. Ауладағы құм төбелер
2. Нұрталап пен Задагүл
3. Оқуға баратын уақыт
Аулаға мәшинемен құм төгілді. Сол құмдарға екі кеме орналастырылды. Біріншісінде «Сұңқар» және екіншісінде «Аққу» деген жазу бар. Сол құмтөбелерде Нұрталап пен Задагүл ойын ойнады.
Задагүл дәрігер болып, Нұрталаптың ғарыш кемесіне ұшуға дайындығын тексерді. Нұрталап дәрігердің ақыл – кеңесіне дән риза болып тұрғанда апасының дауысы естілді. Апасы балконнан мектепке баратын уақыт болғандығын ескертті. Бірден көңлі түсіп кетті. Ғарышқа ұша алмай қалатынына ренжіді.
Задагүл оған бүгін сабаққа барып кел, ертең ғарышқа ұшамыз деді. Нұрталап кәдімгідей қуанып кетті.
Объяснение:
Туған елім - мақтанышым.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен туған елім – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Қазақстан - әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар мемлекет.
Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін кең байтақ өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын.
Мен өз Отанымды сүйемін және мақтан етемін!