Шамамен VI ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп «Түрік қағанаты» деп аталатын
мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби-мәдени өмірін жыр
еткен ғажайып дастандар бар. Олар - «Күлтегін», «Білге қаған» және
«Тоныкөк» жырлары. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға
қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан
да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын
таңдандырып, тамсандырып келеді...
Қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды»
төрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-
түсіндірме көркем қарасөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады.
Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар
жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны
ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз
деп есептеген сәттерді жыр арасында қарасөзбен де жеткізіп отырған.
Осы заңдылықты Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктерге арналған үш
шығарманың үшеуінен де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның
жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін суреттеуде сан түрлі
бояуды, бейнелеу тәсілін мол пайдалана отырып, шабытпен жырлаған
автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады.
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
Алтын менен күмістіЗергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаныМерген үшін жаратқан.
Шебердің инесі де алтын,Соққан күймесі де алтын.
Шеберді саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.
Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Еңбексіз өмір жоқ,Ауырсыз жеңіл жоқ.
Қойшыны таяғы асырайды,Қасқырды аяғы асырайды.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйір нан – тамшы тер.
Сен істі сүйсең, іс саған бас