Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
4. Ағаштан.
5. қазақ халқында «Бесіксіз үйде береке жоқ» деген сөз де бар. Және де бабаларымыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие– тал бесіктен басталады» деп келешек ұрпаққа аманат етіп, айтып кеткен сөздері де бар. Қазақ халқының бесікті қадірлейтіні соншалықты, атасы жатқан бесік немере, шөбере, шөпшегіне дейін қастерлі мүлкі ретінде сақталып, сол бесікке бөленіп,сол бесіктен ержетеді. Яғни,бір бесік жылдар бойы атадан балаға беріліп отырған. Тіпті,қазақ халқы өзінің кіндік қаны тамған жерін «Туған жерім– алтын бесігім» деп атайды. Бесік тұрмыстық бұйым ғана емес,сонымен қатар, дені сау,саналы ұрпақ өсірудің маңызды мұрасы.
6. а) нәрестені анасы айтады;
7. Ардақты азамат болуын, әр таңдаған жолы бақ-берекелі болуын. Самғаған қанатың талмай қырандай болуы. Ақылды, дана бол. Деген тілектер айтылған.