Әбділда Тәжібаев (1909-1998 ж. т.) - ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы.Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Орта жүз Қыпшақ тайпасы Торы руы Бессары атасынан шыққан.[1][2] Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.
Жаңа бір түсіп, шам сөнді,Ашыла түсіп, гүл солды, –
деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын көріп, тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.
Сырдария - Орталық Азия ұзын өзендердің бірі. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан - өзенінің жолында төрт Азия мемлекеттері кесіп өтеді. Қазақстанда өзені бассейнінің аумағында. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда - Сырдария екі аймақтар болып табылады. өзен 2212 км, 219 мың шаршы. км қойманың ауданы болып табылады. Сырдария Ферғана аңғарының шығыс бөлігінде Нарын және Қарадария өзенінің сағасында арқылы қалыптасады. 1989 жылға дейін, өзен Арал теңізіне құяды, бірақ су қоймасының тартылуының нәтижесінде және екі бөлікке бөліп, оны, Сырдария су енді «Шағын теңізі» деп аталатын құдіретті бір рет Арал теңізінің солтүстік бөлігін, толтыруға бастады. Тоқтағұл (Қырғызстан), Kairakkum (Тәжікстан), және Chardarin Көксарай (екеуі де Қазақстан тиесілі) - өзенінде бірнеше су қоймалары құрылды. Сырдария су қоймасының су бұлдырлық 1200 г / см болып, Қазақстан қараңғы өзен. моль. Бұл оның жолында сусымалы қазылған рок расплывается екендігіне байланысты.