М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
IhaveAbrains
IhaveAbrains
29.01.2023 23:47 •  Қазақ тiлi

1. Мәтінді оқып, жергілікті халық пен ғалымдардың, саяхатшылар- дың пікірлеріне түсіндірме (комментарий) жасаңдар. Кең-байтақ қазақ жері бай- лыққа ғана емес, сұлулыққа да тұнып тұр. Ұшы-қиыры жоқ аспанмен таласқан таулары а өзіне тәнті етпей қоймайды. Шетелдіктерді бук тамсандырған еліміздің үздік 10 өлкесінің ішінде Бозжыра мен Шарын шатқалдары бар. Бекет ата мешітіне барар жолда кездесетін ерекше мекен Бозжыра шатқалы. «Кез келген альпинист пен саяхатшы бұл өлкені көруге міндетті», — деп есептейді көпшілік. Себебі өлкенің көз тартарлық сұлулығы мен қайталанбас пейзажы мың құбылады. Бірнеше миллион жылдар бойы тау түзілім- дерінің бұзылуынан пайда болған төрткілдер күн шұғыла- сымен ерекше көрінеді. Мамандардың айтуынша, жер бедерін қалыптастырудың үш түрі болады: химиялық, органикалық, биологиялық. Бұл шатқал осы үшеуінің қосындысының нәтижесінде пайда болған екен. Алматы облысының Pa- йымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы да Қазақ- станның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиға- тының әсемдігі мен көз тартар ерекше сұлулығымен белгілі. Шарын шатқалында биіктігі

👇
Ответ:
максим885б
максим885б
29.01.2023

Незнаю мен☺️☺️☺️☺️✋☺️

4,7(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
stardark03
stardark03
29.01.2023

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Кесе тарту етіп отырған әже, немере немесе шөбересімен

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады[2].

4,8(61 оценок)
Ответ:
лера12061206
лера12061206
29.01.2023
– Саламатсыз ба,апай!

– Саламатсыңдар ма,балалар?Көңіл-күйлерің қалай?

– Жақсы.

– Ендеше үй тапсырмасына не беріліп еді?

– Компьютердің пайдасы мен зияны туралы ауызша дайындалып келу.

– Жарайды,онда дайындалуға 5 минут берем.Сонан соң сабақ сұраймын.

* * *

– Ал кім маған компьютердің пайдасы туралы айтып береді?

– Апай,мен айтайыншы!

– Қане,айта ғой,Бекет.

– Компьютер,ең біріншіден,еңбек өнімділігін арттырады.Яғни,аз ғана уақыт ішінде сіз іздеген ақпаратыңызды тауып,есеп жүргізіп,кесте сыза аласыз.Компьютер арқылы соншама қашықтыққа қарамастан алыстағы адамдармен қарым-қатынас жасай аласыз.Үшіншіден,әрине,уақытыңызды көңілді өткізе аласыз.Компьютермен фильмдер көріп,ойын ойнай аласыз.

– Өте жақсы.Отыра ғой, Бекет.Барлығың оған қосыласыңдар ма?

– Ия!

– Ал компьютердің зияны туралы кім сөз қозғағысы келеді?

– Мен!Мен!

– Тынышталамыз,оқушылар!Аяулым,сен айтып көрші.

– Компьютер денсаулыққа біршама зияндық әкеледі.Көп отырсақ,көзіміз белгілі бір қашықтықтан көрмей қалуы әбден мүмкін.Дұрыс отырмаудың әсерінен омыртқа тірегі бұзылады.Әрі компьютерден радиациялық сәулелер бөлінеді.Көп отырсақ тамаққа деген тәбет бұзылады.Ұйқы,зейін қою да баяулайды.Және компьютерден тәуелді болып қалу мүмкіндігі де жоғары.

– Жарайсың,Аяулым!Қосарларың бар ма?

– Және де компьютердің әсерінен адамның психикасы да бұзылуы мүмкін.

– Дұрыс айтасың,Диана.Сонымен,егер уақытымен пайдаланып,арасында жаттығу жасап тұрсақ,компьютердің зиянын көрмейміз ғой?

– Ия!

– Жарайсыңдар.Үй тапсырмасына барлығың да дайындалып келіпсіңдер.Жаңа сабақ бастайық.
4,4(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ