Биыл қазақтың хас ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында өседі. Ес білген соң туған ауылында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. 1924 жылы Семей қаласындағы интернатта білімін жалғастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Осында жүріп, 1933 жылы Отан алдындағы борышын өтеп, әскерге барып қайтады.
Қасымның арынды ақын ретінде қалыптасуына Орал қаласының тигізген әсері ұшан-теңіз. Осы өңірде жүріп ол ең алғашқы алаулаған махаббат туралы, жалынды жастық жайындағы жырларын дүниеге әкелді. 1935 жылы Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, оның жұмысын іскерлігінің, шығармашылық әлеуетінің арқасында дөңгелетіп әкетті. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Осы кездері ақынның әншілік, артистік қырлары кеңінен танылған болатын.
Ал 1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алатау баурайындағы ару қала Алматыға барып, сол кездегі бас басылымдар болып саналған «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет атқарады. Осында жүріп, яғни 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағын «Өмір сыры» деген атпен жарыққа шығарады.
Ол жас кезінен осылайша ел көзіне түсіп, аға буын өкілдерінің, қатарлас қаламгерлердің ыстық ықыласына бөленеді. Ол туралы Сырбай Мәуленов: «Ақын жасы жылдармен өлшенбейді, елге берген еңбегімен есептеледі. Жас Қасым бүгінде ортаға шығып, өзінің оптимистік пафосқа толы өлмес өлеңін оқып тұр:
Әке - асқар тау...
Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады.
Интернеттен алдым=)
Ауа райына байланысты ырым тыйымдар
Табиғат – Біздің ата – бабаларымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен табиғат тылсыман бақылай отырып , оларды өз өмірлерімен байланыстырып отырды. Олар уақытты айқындап, әр күннің, әр жылдың ерекшеліктерін терең білді. Жан – жануарлардың іс - әрекеттеріне, айға, жұлдыздарға қарап ауа райын болжады. Осылай көптеген ырымдар пайда болды.
Отпен ойнама тыйым
Салып шектеге , ырымдар бар көптеген.
Соның бірі- ойнамау, жанып жатқан отпенен ,
Тамыздықты кеппеген, үрлеп жандыр еппенен.
Өміріңді өшірмес, киелі ғой от деген.
• Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
• Отқа түкірмейді.Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.
• Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.
• Түнде үйден күл шығармайды.Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.
• Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
• Жұлдызды қолмен көрсетсе , қолға сүйел шығады деген ырым бар.
• Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып , ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру – сырқау жоламайды.
• Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе ауруынан айығады.
• Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.
• Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.
• Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.
• Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
• Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған.
• Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
• Құмырсқаның илеуін бұзбайды. Оны басқан әйел бала көтермейді.
• Бақаны өлтіруге болмайды , жаңбыр жауады.
• Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегін қиын пайдаланады.
• Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл - өлім – жетім шақыратын жаман ырым.
• Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген адам «Менің жұлдызым жоғары» дейді.
• Жаңа айды көргенде «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап,ырымдайды.
Объяснение: