Дәрігер болғым келеді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыға бастайды. Мысалы: шоқпар, соқа, сойыл, найза, айбалта, күрзі, қорамса, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, кұл, әмеңгер, болыс, жүзбасы, сарбаз, дуан, пері, періште, ысқат, азан, барымта, дабыл тәрізді сөздер бүгінгі өмірде көп қолданыла бермейді. Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Олар көнерген сөздер деп аталады. Және олардың кейбірі жана ұғымдардың келуімен байланысты жаңарып қолданылуы да мүмкін.
Тіл — тілде көнерген сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары — сөздер де көнеріп, тілде қолданбайды. Мысалы: сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуан басы, дүре, малай, күң, құл, бай, болыс т. б. Мұндай сөздерді историзмдер дейді. Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: жасак, немесе қол — әскер, қол басы — әскер басы, почтабай — хат тасушы, жатак, — отырықшы, серіктік — бірлесу, қосын — ұйым, желек — орамал т. б. Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.