Соғыс кезінде ол ұшқан, «Ил-2» ұшағы оны көп рет ажал құшағынан құтқарды. Талғат Бигельдинов шаруа отбасынан шыққан, ол 1922 жылды 5-тамызда, Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген, ал басқа мәліметтер бойынша батыр Пішпек жерінің (қазіргі Бішкек, Қырғызстан) тумасы дейді. Бірақ та Талғат Бигельдинов Басығара батырдың (Кенесары ханның қолбасшыларының бірі) ұрпағы болды, бұл ақиқат шындық. Басығара батыр 1837 жылы Ақмола бекінісіне шабуыл жасағанда, өз ерлігін көрсетіп, қаза тапқан еді.
«Мен дәрігерлері, акушер әйелдері не кіндік шешесі бар перзентханада емес, анамның қасында биік дөңгелекті, түйеге жегілген арбада, жалпы айтқанда, кәдімгідей көшпелі қоныста дүниеге келіппін. Көптеген қазақтар-малшылар сияқты да, қазақ өмір салтын ұстаған менің туыстарым далада бір жайлаудан екіншіге көшіп жүрген. Осы жағдайда көшіп кетуіміздің басқа бір себебі болған. Ақмола аймағына белгілі болған бай Ғалибай өз малын тәркілеуден құтқарайын деп, менің әкеме Түсіпбек және бабам Бигелді руынан шыққан кейбір жақындарына, ал олардың ішінде менің анам Хадия да бар, малды Алатау тауларына айдап тастауға тапсырма берген. Бірақ та бай Ғалибайдың меншігінде болған малдың саны он бес мыңнан астам болды, соның ішінде мыңнан астам ат болған.
ТЕАТР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР
2011 жылы шілде айында Лондон театрында кешкісін «Бесік жыры» деп аталатын өзгелерден ерекше қойылым болған. "Қойылым несімен ерекше" дейсіз ғой? Онда кресло орындықтарын бір адамдық, екі, тіпті үш адамдық кереует қылып жасап, үстіне көрермендерді жатқызған екен. Олардың басты мақсаты - көрерменді жайлы жайғастырып алып, тыныш ұйқыға батыру.
Константин Анисимов - Ленин комсомолы атындағы Ленинград театры труппасының актеры, әрі «Зенит» футбол клубының ішкі ойындарының дикторы. Кейде ойын мен қойылым бір-бірімен тұспа-тұс келіп қалған кездерде ол түрлі қулықтарды қолданатын болды. Мысалы «Гамлет» спектаклінде Лаэрта ролін сомдамақ болғанда, ол тек бірінші және үшінші акт кезінде ғана сахнаға шығады екен. Осы уақыт аралығында ол футбол алаңына барып, тіпті ойынды жүргізіп келіп үлгерген.
Ежелгі римдік тұрғындар қанды оқиғаларға толы дүниені көргенді ұнатқан. Олар мұндай көріністерді тек гладиаторлар жекпе-жегінен ғана емес, кәдімгі тетарлық қойылымдардан да тамашалайтын болған. Егер актер сценарий желісі бойынша, сахнада өлуге тиіс болса, онда оған сол жерде өлтіруге үкім шығарылып, сахнада, көрермендердің көзінше өлтірген.
Бізге белгілі, бұрынғы кезде театрдағы барлық ролдерді тек ер адамдар ғана ойнаған, заң соны талап еткен. Шекспирдің заманында қойылым тоқтап қалса, «Королева Елизавета қырынып үлгере алмай жатыр» - дейді екен.
Иония жерінде бір ерекше театр болған. Ол несімен ерекше? Ол театрда бір қолдың сарбаздарын бөлек бір арнайы қатарға отырғызатын көрінеді. Ал олардың алдындағы қатарда тақыр басты құлдар отырады. Қойылым кезіне шапалақ ретінде артта отырған сарбаздар құлдардың тақыр бастарынын ұрып, құрмет көрсетеді екен.
Атақты әртіс Татьяна Пельтцер өмірінің соңғы жылдарында жаттаған сөзін үнемі ұмытып қала берген көрінеді. Ол Ленкомның «Қызыл шалғындағы көк аттар» спектаклінде Клара Цеткинның ролін ойнап жатып айтуға тиіс сөздерін ұмытып қалады да : «О, Құдайым-ай, ештеңе есімде емес» - дейді. Сол кезде Ленинннің ролін сомдап жатқан Олег Янковский тосылмастан: «Клара, сіз мүмкін пролетариат қосылуы керек деп айтқыңыз келген болар» - дейді. «Иә, соны айтқым келген» - дейді Пельтцер. Содан кейін, Татьянаның есіне енді қалғандары да түсе қоймас деген оймен Олег барлық диологты өзі айтып шығады.
Римдік драматург Ливий Андроник үнемі өзі жазған тргедияларында өзі басты ролді иемденеді. Бір күні ол өз даусын жоғалтып алып, кезекті қойылымында сырттан айтып тұратын бір адамды тағайындап қояды екен де, өзі аузын жыбырлатып қана тұрады. Бұл жағдай тарихта фонограмманы ең алғаш қолдану болып қалды.