1. Жаманның әрекеттеріне баға беріп, кестені жалғасты- рыңдар.
Қус жаманы деп
сауысқанды таң-
дайды
Каманның әрекеті
Менің ойым
Сауысқанда бірлік жоқ, адамға еш пай-
дасы тимейтін құс. Сауысқан өреде (құрт,
ірімшік жайып, күнге кептіруге арналған
биік орын) жайылып тұрған құрт пен
ірімшікті ұрлауға да басқа құстарға
қарағанда икемдірек. Сондықтан «сақ
құс» атанған болса керек. Ауыл балалары
өнімді қорғап, сауысқанды жасқау үшін
айырсадақ (рогатка) пайдаланған.
?
?
2. Ертегінің соңында Жаманның таққа отырғаны нені
білдіреді?
3. Аяз би неге өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын тө-
ріне іліп қояды?
4. Жаманның өз атына лайықты адам емес екенін қалай дә-
лелдер едіңдер?
5. Ертегі мазмұны бойынша қандай тұжырым жасауға бо-
лады? Ой бөлісіңдер.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды.