Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, “атқа мінгізу” мен қыз баланың құлағын тесіп, “сырға тағу”, алғашқы Мүшелінде балиғатқа толуына байланысты “он үште отау иесі” болу, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды.
2) кемпір байға балаңды бересін деп шарт қояды 3 ) бай кемпір ге алтын саканын жанында отыр дейт 4 ) бала қотыр тайды таңдайды 5 ) Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен 6 ) тай алтын сақаның жанына келип жатады сақаны алғаннан кейн кашады. 7) ол тісің аттың аяғын а лақтырады 8)түлкілер көмекке келеді 9)қарлыгаш 10)озинин иттері құтқарды 11) кызы анасынын кегин алғысы келеді брак өзі өліп қалады 12)ол иттерің шакырып талаттырып кашады
Табалдырық
1)баспа
2)үйдін шегарасы
3)бақыт кіретін жер
4)Жақсы адам кірсе бай боласын
5)Жаман адам кірсе кедей боласын