М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vavilovaev86
vavilovaev86
25.07.2021 19:16 •  Қазақ тiлi

составить предложения с прямой речью стоящей в начале, середине,в конце предложения образцы есть в правиле


составить предложения с прямой речью стоящей в начале, середине,в конце предложения образцы есть в п

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Даня1221
Даня1221
25.07.2021

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді.Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты.

4,7(46 оценок)
Ответ:
IdaPosion
IdaPosion
25.07.2021

Көңілді хайуанаттар бағы.

Осы аптаның демалыс күні қаламыздағы хайуанаттар бағы күрделі жөндеуден кейін өз есіктерін қала қонақтары мен тұрғындары үшін айқара ашқан болатын. Бұл ашылуды әсіресе балақайлар көптен күткен болатын, сондықтан бұл жерде ине шаншар жер болған жоқ. Алдымен құттықтау сөздер сөйленіп, ресми түрде бақтың ашылуы өтті. Одан кейін жиналған қонақтар өз қалаулары бойынша серуендеп, жануарларды көруге аттанды. Айта кететін бір жайт – бұл күні балалар үшін тегін билеттер мен балмұздақ ұйымдастырылды.

Біз өз серуенімізді қасқыр мен түлкілер орналасқан тордан бастадық. Торлары кең, ішінде тағамдары жеткілікті екен. Ары қарай жүре бергенімізде гепард пен пантераны көріп, олардың сымбатына тәнті болдық. Олар сонау Африкадан әкелінген екен.

Тура бақтың ортасында бұрынғыдай қоңыр аюлар орналасыпты. Олардың торының жанында біраз адам жиналып қалыпты. Себебі, аюларға бақтың қызметкерлері тағам беріп жатыр екен, ал кейбіреулерінің сол мезгілде сумен ойнап жатқаны бір қойылым іспеттес болып көрінді. Біз аюларды біраз тамашалап, ары қарай аттандық.

Ары қарай жүре бергенімізде бұтақтан бұтаққа секіріп жүрген тиінді көріп, біраз аялдап қалдық.

Келесі кезекте мойны ұзын керікті көріп, оның бойының ұзындығы аң – таң болдық. Керікпен көршілес жерде таутайлақ (лама) орналастырылыпты. Оларға кіреберісте арнайы рұқсат етілген тағам сатып алған болатынбыз, сол сәбіз бен салат жапырқтарын беріп, біраз суретке түстік. Бұлардан басқа бақта үлкен – кішілі маймылдар, арыстан, жолбарыс, барыс, түлкі, түрлі құстар мен су жануарлары тағы бар. Бақты армансыз аралап, суретке түсіп, уақытты көңілді өткіздік.

4,8(33 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ