Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.
Ө.Тұрманжанов 1905 жылът 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс енбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Тәшкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927-ЗОжж.). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан қүрылған қазақ секциясын баскдрды. 1931 жылы олкелік партия комитетінің шакыруымен Алматыға ауысады. КдзПИ-де профессор міндетін атқарады. Кейін Казақ мемлекеттік ба болім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жүлдыз" газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторът (1935-37жж.) болды. Саяси куғын-сүргінге үшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінін сонғы жылдары "Жазушы" ба болім меңгерушісі кызметін аткарған. Түнғыш жинағы "Таң олендері" (1925ж.) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамальтлары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Казақтың макал-мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинактарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Түрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттадды.
Ө.Түрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.