Объяснение:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.[4]
Объяснение:
... Баяндүр хан тойына Байбөрі бек те келді. Баяндүр ханның қарсы алдында найзасына сүйеніп, Қара Көне баласы Қара Бодақ, оң жағында Қазанның баласы Ораз, солында Қазылық Оғыз бектің баласы Иекенк тұрған еді. Мұны көргенде Байбөрі бектің көкірегі қарс айрылды. Өкіріп жылап, қолына орамалын алып, көздерін сүртті.
Сонда бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеуі Қазан-Салор тізерлеп отырып, Байбөрі бекке үңіле қарады да: «О, Байбөрі бек, мұнша неге қайғырасың?» - деп сұрады. «Хан Қазан, қалай жылап, қайғырмаспын? Басына менің тәжімді киер ұл жоқ. Өкшемді басар іні жоқ. Мен құдайдың қарғысына ұшыраған жан болдым. О, бектерім, мен өзімнің тәжім мен тағымның қамын жеп қайғырып отырмын. Күнім жетсе, бір күні өлемін. Өле қалсам, орныма, үйіме кім не болмақ?» - деді Байбөрі. «Бар тілегің сол ма?» - деді Қазан. Байбөрі оған: «Иә, бар тілегім сол, менің де ұлым болып ол Баяндүр ханның алдында қызмет істеп тұрса, соны көріп мен де қуанышты болар едім, қайғым кетіп, мақтанар едім», - деді.
Бұл сөзді есіткенде барлық оғыз елінің бектері қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тәңірі саған ұл берсін», - десті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір тілек бата беріңдер, тәңірі маған да бір қыз берсе екен», - деді. Барлық оғыз елі қол жайып, оған да дұға оқыды. «Тәңірі жарылқаса, сен де қызды боларсың», - десті. «О, бектер, егер көк тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», -деді.
Әнші құм.
Əнші құм-əн айтады.Яғни топырақтатары əн айтады.Ол жерге барса адамдар қайтқысы келмейді
Əнші құм əн айтады
Объяснение:
4сыныпта окыдым