М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nadia182
nadia182
19.09.2021 14:37 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер: 1.Шығарма неге «Ғажайып планета» деп аталған? 2. «Жанды планета» дегенді қалай түсінесің? 3.Экипаж ғарышқа қандай кемемен ұшты? 4.Ғарыш кемесінде адамдардан басқа не болды? 5.Мұндай алыс жолдарды ғарышкерлер қандай ұйқыда өткізеді? 2-тапсырма. Төмендегі фразеологиялық тіркестердің мағынасын көрсетіп, синонимдерін тауып жаз. Фразеологиялық тіркес аудармасы синонимі көз майын тауысу работать очень кропотливо ит арқасы қиянда далеко инемен құдық қазу работать очень усердно жүрегі жарылу быть счастливым жерден жеті қоян тапқандай радоваться маңдай терін төгу работать в поте лица қиындықта шыңдалу закаляться в труде тағылымдамадан өту пройти испытания биік дәрежеге жету достигать высоких результатов 6-тапсырма. Төмендегі тақырыпшаларды мәтін мазмұнының жүйесімен сәйкестендір очень нужны ответы

👇
Открыть все ответы
Ответ:
moonmyrreg
moonmyrreg
19.09.2021

Қазақстан - бай ел.

«Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем ...» деп Фариза Оңғарсынова жырлағандай, менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім ол – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған. Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.

4,8(26 оценок)
Ответ:
VadimShoppert
VadimShoppert
19.09.2021
Туған тілім - асыл анамның әсем үнімен бойыма сіңген ана тілім. Әр адам өз анасын қалай қадірлеп сыйласа, туған тілін де солай құрметтеп, сүйе білуі керек деп ойлаймын.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,- Қадыр Мырза Әли атамыздың осы өлең жолдары нақыл сөз боп кетті. Бұл өлеңнен көп нәрсені байқауға болады. Ана тілді арға, ұятқа теңеп тұр. «Өзге тілді білу - мақсатың, ал өз ана тіліңді құрметтеу - міндетің», – дейді ақын ата.
Мағжан Жұмабаев атамыз «Қазақ тілі» өлеңінде:
Ерлік, елдік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!- деп жырлайды. Яғни, қазақ халқының басынан әр түрлі жылдарда ашаршылық, ұлт¬ - азаттық қозғалыс, жаугершілік, отаршылдық секілді қиын заман өтті, бірақ халқымыз қайыспай, ұлт болып аман қалды. Бабасынан қалған алтын мұрасы тілін ұмытпады.
Батыр аталар, қайсар аға - апаларымыз өмірдің қиын өткелдерінен ұлтымызды адастырмай алып шықты. Сөйтіп, көптен аңсаған, барша халық арман еткен тәуелсіздікке де қолымыз жетті.
Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр азаматының жүрегі Әнұранды айтты, барша халық туған тілі – Қазақ тілімен қайта табысты.

Әбділда Тәжібаев атамыз:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- дейді. Яғни, туған тілім арқылы іштегі сырымды, ақиқат шынымды айта аламын, ойымды анық жеткіземін, туған тілім өссе де, өшсе де халқымен бірге болады. Бірақ, менің тілім өшпейді, себебі қазақ елі егемендік алды, қайта жанды. Еліміздің бірлігінің, тірлігінің, бостандығының дәлелі, айғағы – туған тілім!
4,6(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ