Кітап ата-бабаларымыздан бізге келіп жеткен ең құнды дүние. Кітап оқыған адамның сөздігі кеңейеді, өмірге деген көз қарасы өзгереді және тез ойлап шешім қабылдауға көмектеседі.
“ Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге” деген Абай атамыздың қанатты сөзі, көп нәрсені білу үшін, ерінбей кітап оқу керек делінген. Себебі кітап, білімнің нәрі, ақпараттың көзі. Бірақ та , қазіргі жастарымыз кітап іздеп кітапхана аралап шаршағанша, мәлімет көзін ғаламтордан іздей салуды жөн көреді. Әрине ғаламторға еш шүбә келтірмейміз, дегенмен ғаламтордың ақпараты алып қашпа немесе ұрланған ақпараттар болуы мүмкін. Ал, дәл ақпарат көзін алу үшін, біз кітапқа жүгінгеніміз жөн.
Кітаптың зиянынан пайдасы өте көп. Ғаламторға телміріп көзімізді құртамыз әрі адамның сана сезімі мен жүйке жүйесіне тигізер қасіреті өте көп.
Сонымен менің айтқым келіп отырғаны, қазіргі жастардың кітапқа деген қызуғышылығы жоқтығы. Мүлде жоқ демеймін, оқитын жастарымыз да бар, бірақта заман талабына сай электронды кітапшаны қолданып жатады. Дегенмен, кітаптың орыны бөлек екенін бір күні түсінер деген үміттемін!
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
Шешендік сөздер- қазақ ауыз әдебиетінің жанры, ғибраттылық мәні, өнегелі ой тұжырымы бар, айрықша тапқырлық танытатын нақыл сөз.
Шешендік өнер белгілері: шешендік сауал, шешендік жұмбақтау, шешендік тұспалдау, шешендік мақалдау, шшешендік дәлелдеу.
Шешендік Майқы биден басталып, Жиренше, Асанқайғымен жалғасады.