МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАЗЫЛЫ
ТЫҢДАЛЫМ оқылым Айтылым
3-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Түсінгеніңді айт. Оқы.
Төр
сыйлы орын
Төр — қонақ бөлменің жоғарғы жағы. Ол — жасы үлкен адамдар, қонақтар отыратын сыйлы
орын. Қазақ үйге келген қонақты «Төрлетіңіз!», «Төрге шығыңыз!» — деп қарсы алады. Көрпе
төсеп, жастық қойып, төрге отырғызады, құрмет көрсетеді.
Қазақ халқында дастарқанға үлкендерден бұрын отыру ұят саналады. Себебі алдымен аң
сақалды ата мен аң шашты әжені сыйлап, төрден орын береді. Үлкен кісілер — көпті көрген,
сыйлы кісілер. Қазақта «төріңнен қарт кетпесін» деген сөз бар. Себебі қарт тілегін айтып, бата-
сын береді. Төрде қарттар, одан төмен жастар отырады.
Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болмайды. Ол – әдепсіздіктің белгісі.
Дастарқанда үлкендермен жарысып сөйлеу де ұят саналады. Қазақ дастарқаны дос, бауыр,
туыс қана емес, кез келген адамға ашық. Қазақтар бір-бірінің үйіне барып, жиі араласқанды
ұнатады. Әсіресе ата-анасын әрқашан құрметтеп, үйіне шақыру, төрге отырғызу - қазақ бала-
сы үшін әрі міндет, әрі парыз. Өйткені дастарқан – жақсылықтың басы, қуаныштың белгісі.
Пересказ
Диалог «Азық – түлік дүкенінде»
– Қайырлы таң!
– Сәлеметсіз бе! Бүгін сүт өнімдері келді ме?
– Ия, қазір ғана келді. Сіз қандай сүт өнімін алайын деп едіңіз?
– Маған бір келі ірімшік, бір литр қолдың қаймағы мен жарты келі май өлшеп беріңізші.
– Жақсы Мінеки. Тағы бір нәрсе берейін бе?
– Құрт қаншадан?
– Құрттың бағасы әр түрлі, бір данасы мөлшеріне қарай 50 теңге мен 100 теңге арасында.
– Маған әрқайсысынан екеуден сала салыңызшы.
– Жақсы. Барлығы 4250 теңге болды.
– Мінеки.
– Сауда жасағаныңызға көп рахмет, келіп тұрыңыз!
– Жақсы. Сау болыңыз!