1. Мәтінді оқып, қардың соңы табиғаттың қандай дүлей күшіне ұласқалы тұрғанын,
автордың бұл құбылысты қалай сипаттағанын анықтаңдар.
Біздің жақта қыс ұзақ
Биыл қыс жүмсақ басталды да, арты толассыз жауған қарға ұласты. Әсі-
ресе жаңа жылдың алдындағы үш күн, үш түнде бас көтертпей жауған қар,
сол шаш етектен жауған қарға мелдеген ел мен жер ұлы тыныштықтың құша-
ғына тұншығып, мәңгілікке бой суытқандай жым-жырт... Осынау адамды бой-
күйездік пен есінеген ессіздікке жетелер өлі тыныштық — жапалақтап жауған
қар тыныштығы аса қызық, жүрек соғысын баяулатар мұң шақырады екен.
Кісі бойы жауған қарды бұзып, шөп әкелетін күш қайда? Өздерінен бір
хабар күтіп едім, тіпті бергі Тарбағатай қыстағында отырған жігіттер де, міне,
үшінші күн ат ізін салмай отыр. Соған қарағанда, олар да қарға қамалып
қалған секілді... Қар бағанағыдай емес, қиғаш ұшып, сабалап жауады. Жел
көбеңдеген жұмсақ қарды сыпыра ұшырып, сиыр таңдайлап әдемі сурет салып
жатыр. Үйден шығуға қорынған жұрт «не болды екен?» дегендей есіктерін
ашып, сығалай қарайды да, лезде жауып ала қояды... Отыз жылды араға салып
барып, төпелеп жауған албасты қар, енді, міне, әлдебір жұмбақ та жат үнді сар-
нап, әлдеқайдан, құбыла жақтан қақпақылдап жеткізе бастады. Қазақтардың
«тілсіз жау» деп атар дүлей күші бар әлемнің билігін өз қолына алып, тісін
ақсита тау-таудың сай-саласын қуалап, жемтік іздеп бұқпалап жүргендей.
Алтайдың аш қасқыры ғажап бір сиқырмен боранға айналып, адамдарға қарап,
Таранын ашып, атылайын деп тұрғандай аса қорқынышты еді.
Шығарма
Күзгі бақ.
Жаздан кейін күз "патшалығы" да келіп,бар аумақты өзіне баурады.Тіпті,жайқалып тұрған әсем баққа да келіп жеткен еді.Күзді күні тек күн салқындап,ел астық жинап қысқа қамданбайды.Соған қоса күз өзінің таңғажайып сұлулығымен де қалыс қалмайды.Оны күзгі бақтың бейнесінен байқай аламыз.Күзгі баққа кіріп қалсаң,бейне бір алтын жалатылған баққа кіргендей боласың.Ағаштар да,аяғыңның асты да сары түске боялған.Арасында қызыл,қоңыр,қызыл-сары түстер де араласып,керемет пейзаж береді.Күзгі бақта әдеттігіден көп серуендей бергің келеді.Себебі,ол тек әдемілігімен ғана емес,тыныштығымен де өзіне тартады.Күннің бұлтты не суық болуы күзгі баққа түк те әсер етпейді.Бәрбір де көркем.Отырғыштардың біріне отырып алып,кітап оқып,демалғың келе береді.Шешілмеген мәселең шаш етектен болса да,күзгі баққа келіп шешім іздейсің.Шығармашылық адамдары да күзгі баққа асығады емес пе?Бұл әдемі көрініске жыр арнамау не қағаз бетіне түсірмеу мүмкін емес қой.Не дегенменде,күзгі бақ – ерекше,адамды өзіне баурайтын сиқыршы.