Мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзалырақ.
* Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз.
* Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.
* Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз. Егер, бірінші тепкіден аз мөлшердегі су көрінсе немесе мұз бетінде аз-кем жарықшалар пайда болса, мұз жұқа және оның үстімен жүруге болмайды дегенді білдіреді. Бұл жағдайда міндетті түрде судың жағасына келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Аяғыңызды иық тұсымен мұздан алмай, жеңіл адымдап жүріңіз, себебі, күш бір нүктеге түспеуі керек.
Объяснение:
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы а ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Хат.
Сәлем, достым! Қалайсың? Сабағың жақсы ма? Сен маған Қазақстанның көрікті жерлері туралы сұрап қоймаған едің ғой. Міне, менде мынадай қызық болды.
Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштер де жоқ емес.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.
Сен де маған Ресейдегі әдемі жерлер жайында жазып жіберші, жарай ма? Сау бол!
Сәлеммен, досың...