Елбасымыздың « Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласын оқып сүйінгенімді ішіме бүкпей айтуды жөн көріп отырмын . Елбасымыз қашан да мемлекетіміздің , халқымыздың алдында тұрған міндеттер мен парызымызды дөп басып көрсетіп отыратыны баршаға мәлім . Елбасымыз Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінің бірегей өркениетін айта отырып , біздің туған жерімізде , Қазақстанда да бірегей өркениет амығанын тайға таңба басқандай көрсетіп беріпті . « Ұлы даланың жеті қыры » атты стратегиялық мақаласы барша болмыс - бітіміміз бен қадір қасиетімізге нәр беріп , кемел келешегіміздің бағыт - бағдарын айқындап бергенін айтқым келеді Мұның бәрі - өткенін мақтан тұтып , өз - өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеуде бағдаршам болатын құндылықтар . Міне бүгінгі аға буынның ұрпақ алдында адал атқаратын бастамалары да осы.Алда әлі ұзақ жол үлкен асулар бар .
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады