Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады. Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1—2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік ендіктерде 6—7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады
ҚАСҚЫР ДА ҚАС ҚЫЛМАЙДЫ ЖОЛДАСЫНА»
Қасқыр туралы әңгіме өрбісе көпшілік оны қатігездіктің, жауыздықтың белгісіндей қабылдайды. Алайда, олардың өз әлемінде бір-біріне адалдығы адамзаттан асып түсетіндігін біле ме екен?! Ең бірінші ерекшелігі арлан мен ұрғашы қасқыр жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бөлтірікті аяққа қойғанша екеуі де оны аң аулауға, сақ болуға баулиды. Құртқа қасқыр ұйықтап жатқанда, арланы кірпік қақпай күзетіп тұрады. Қасқырлар араларында жұп қасқырға (яғни, еркек пен ұрғашы) құрмет көрсетеді. Олжалы бола қалса бірінші соларға бөліп береді, жататын жерлерін де жайлы, оңашалау жерден таңдап қояды. Күшті қасқырлар әлсіздерге қамқор болады.
Объяснение: