3 составь вопросы и ответ к тексту Абай ауылына жеткенше асықты. Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, деді бір үлкен әйел. Бәсе, Телғара ғой... Жаным-ау, мынау... — Телғара! деді жас әйел. Абайдың келген хабарын естіп, анасы Ұлжан мен әжесі сыртқа шықты. Зеренің ең жақсы көретін немересі Зере Абай еді. Оның тілеуін тілеп отыратын. Абай аттан түсті. Ол көп ішінен, ең алдымен, өз шешесін көрді. Соған қарай жүре беріп еді, шешесі: Шырағым, балам, ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! деді. Абай әкесіне қарай тез бұрылды. Әкесіне қол беріп амандасты. Әкесі: - Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың! Бойыңдай болып білімің деді. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға бел- гілі. Ол сабырмен: - Шүкір, әке, Қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, - деді. Құнанбай: - Бар, енді шешелерің жаққа бар, амандас, балам! — деді (М. Әуезов).
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...