М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
suchilinaelya
suchilinaelya
14.11.2020 03:57 •  Қазақ тiлi

Письмо другу на казахском на тему красивые места казахстана​

👇
Ответ:

Досыма хат.

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

Ал сен бұрын Қазақстанда болдың ба? Болмасаң, мен сені қонаққа шақырамын, жазғы демалыс уақытында келіп, қонақ болып кет. Әуелі елордамыз Астана қаласынан бастайық? Астанаға дейін жетсең, өзім ата – анаммен күтіп аламын. Сен пойызбен немесе ұшақпен келсең болады. Қалғанын уайымдама, біздің үйде жатып демаласың.

Хат жазып, хабарласып тұр.

Сәлеммен, досың Амира.

4,6(83 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Gsjhcf
Gsjhcf
14.11.2020
, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді

Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан
4,4(47 оценок)
Ответ:
LuzuVloks
LuzuVloks
14.11.2020

ответ:Ел боламын десең бесігіңді түзе. Бала тілі бал. Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен. Бірлік болмай,тірлік болмайды. Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей. Не ексең соны орасың. Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі Жаяуға жол алыс. Аш бала, тоқ баламен ойнамайды. Тоқ бала, аш болам деп ойламайды. Аспаннан киіз жаусада Сорлы ұлтараққа жарымайды. Ұста пышаққа жарымас, Етікші етікке жарымас. Жоқшылық  ердің қолын байлар. Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді. Батыр туса ел ырысы Жаңбыр жауса жер ырысы Есекке алтын ноқта тақсаңда есек болады. Балықшы балықшыны алыстан таниды. Өтірік өрге баспайды. Қанағат қарын тойдырады. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың. Балалы үйде өтірік жатпайды. Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол Айтылған сөз атылған оқпен тең. Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды. Жігітке жеті өнерде аз болады. Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.

Дерек көзі: https://erketai.org/makhal-matelder/makhal-matelder/

Объяснение:

4,8(33 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ