М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Groyve1
Groyve1
16.01.2020 13:09 •  Қазақ тiлi

Сипатама дала сұнқары қиырга карайды​

👇
Ответ:
Насятя28
Насятя28
16.01.2020

дала сұңқары

4,8(69 оценок)
Ответ:
PdAl
PdAl
16.01.2020
ДАЛА СҰҢҚАРЫ ҚИЫРҒА ҚАРАЙДЫ

Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылмық күндері басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды. Тапқыр, ықшамды Шоқан балалардың ішіндегі ең жатық, шебер ойнайтыны болып алды. Ойын үстіндегі айтыс-тартыс сөздер Шоқанның тілін бұрынғысынан әлдеқайда жаттықтырып, жолдасын да молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы басталып, Ертіс үстінен қызыл су жүріп, жаз лебі есті. Неге екені мәлімсіз, Шоқан бұл жексенбіде Сергей ағайдың да, Васил ағайдың да үйіне бармай, Ертіс бойына баруды ойлады.

Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан, дегенмен қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып кеп отырады. Бүтін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді.

Күн жылыныңқырап, қала жұртшылығы қыс киімінен жеңілдеп өзен бойына шыққан. Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты әңгіме болып қалады. Оның бірі осы көктемдегі Ертістің мұзы бұзылып, сең жүрген аласапыран кезі. Екіншісі, күзгі күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі. Әсіресе сең жүрген кез, көктем лебімен мұнартқан дала сәулетін көтеріп, аса көңілді болады.

Кеше кешкілікте «ертең сең жүреді» деген елдің лақап сөзін естіген Шоқан түнімен елегізіп аз ұйықтаған.

Шоқанның әрдайым келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс қабағының бір биік мұрыншақ жарының үсті. Тағы да сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бәрінің таңданары асау өзеннің бұлқынып, сең дөңгелетіп аспан атқан сағаты. Қыстай бетін басып шегендеген темірдей мұзды быт-шытын шығарып, асау ағын көтеріп, әлдеқайда әкетіп барады.

Уақыты жетіп заман жылуы келгенде, қандай күш болсын, осы өзен мұзындай қопарылады. Ағынға түсіп жылжып жөнеледі.

Күтірлеп сынған қалың мұздар бірін бірі қаға жылжып, бірі шетке қағылып, бірі ағынға түсіп, ойран-топыры шығып жатыр. Шапан жамылып, шәлісін төгілткен татар ханымдары, асыл киініп алқына басқан қала нәндерінің бәйбішелері ішін тартып, таңданып, өзен ғажайыбына үңіледі. Су бұрынғысынан әлдеқайда көтеріліп, жардың ернеуіне шыпылдап келіп, қалаға лап қоярдай лепіріп жатыр.
4,7(14 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
адинаа1
адинаа1
16.01.2020
Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499–528 ккал болса, Шұбатта 789–991 ккалболады. Шұбат құрамында май, әр түрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Зертханалық сараптаманың көмегімен ғалымдардың шұбаттың құрамында сиыр сүтіне қарағанда D дәрумені 15 есе көп екенін анықтаған. Шұбатты Маңғыстау облысы Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған. Бұрын қазақтар қою түйе сүтiн шәйға қосып iшкен, оның үстiне түйе сүтiн олар сиыр сүтi ретiнде пайдаланған. Шұбаттан басқа, қазақтар түйе сүтiне басқа да жануарлардың сүтiн қоса отырып түрлi сүт тағамдарын өндiрiп шығарған. Мысалы: сүзбе (қатық), құрт. Бүгінде халықтың сұранысқа сай шұбат өнідірісі өркендеп келеді.
4,6(76 оценок)
Ответ:
svetasan76
svetasan76
16.01.2020
Шоқан Уəлиханов қазақтың ұлы суретшісі, саяхатшысы жəне жазушысы. Шоқан бала кезінен бастап суретші болуды армандаған. Ол қолы бос кезінде Сырымбеттің жағалауын бейнелеген . Жəне қарапайым халықтың жағдайын сурет арқылы жеткізген. Шоқан Кадет корпусын оқып шықты . Оқыған оқушылардың ішіндегі ең дарындысы Шоқан болды . Шоқан досының дəптерін өзі жазған əңгімелермен толтыратын. Оқушылар Шоқан ның əңгімесін қызығып оқитын. Шоқан жас кезінде саяхатшы болуды армандады. Ол Азия барғысы келді. Жəне Азия жеріне барып келді
4,4(87 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ