26 Антоним сөздерді табыңыз
B) Биік-аласа
Антоним дегеніміз- мағыналары қарама- қарсы сөздер.
27 С.Сейфуллиннің шын есімі кім?
В) Сәкен
28 Тек жуан дауысты дыбыстан тұрған қатарды көрсетіңіз.
A) Апа, бауырмал
Бұл екі сөздің ішінде а, ы- жуан дауысты.
29 Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.
Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.
A) Бармаймыз.
30 Синонимдерді анықтаңыз.
D) Жаман, нашар.
Синоним дегеніміз- жазылуы әртүрлі, мағыналары бірдей сөздер.
31 Сын есімді анықтаңыз.
A) Жаңа.
Қандай? жаңа
32 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең көне қаланы белгілеңіз.
A) Түркістан.
34 Заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді қалай атаймыз.
C) Сын есім.
35 М. Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?
А) Орда
36 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізін табыңыз.
A) Елтаңба.
37 Антонимді жұпты көрсетіңіз.
A) Жабады- ашады.
Антоним дегеніміз- мағыналары қарама- қарсы сөздер.
38 Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
С)Әдемі
Қандай? әдемі.
39 Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын тап
А) Ол әндер ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да сыйдырған.
40 Құрмалас сөйлемді тап
А) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.
41 Реттік сан есімді табыңыз.
А) Он бірінші.
42 Ж.Молдағалиевтің өмір сүрген жылдары
А) 1920-1988
43 «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
C) А.Байтұрсынұлы.
44 Ғ. Мүсірепов жұмысшы факультетіне (рабфакқа) оқуға қай қалада түскенін
белгілеңіз.
B) Қызылжар.
45 1 Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын
табыңыз.
C) Исатай
46 А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.
A) «Аққу, шортан һәм шаян».
47 Мұқағалидің туған жері?
В) Алматы облысы
48 Абайдың афоризмін жалғастыр «Пайда ойлама,»
А) ар ойла
49 Реттік сан есімнің сұрақтар
А) Нешінші
50 Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза медресесі;
Туған жер.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» демекші, мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
«Отан оттан да ыстық» екені баршамызға мәлім. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Сондықтан ойымды «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалмен тәмамдағым келеді.
Объяснение:
Альберт Эйнштейн, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) – қазіргі Германия жерінде туып өскен физик-теоретик, заманауи физиканың екі негізгі тірегінің бірі болып есептелетін салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы (екіншісі квантты механика). Эйнштейн ғылым философиясына қосқан үлесімен танымал. Ол масса-энергия эквиваленнтілігінің формуласы E = mc2 ойлап тапқандығымен әйгілі. 1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды. Атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:
Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).
Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы
Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы.
Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.
1933 жылы Адольф Гитлер билік басына келгеннен сәтте, Америкада жүрген болатын. Еврей ұлтының өкілі болғандықтан, Берлин ғылымдар академиясына, профессор болып жасап жүрген жеріне, қайта оралмаған. АҚШ-та қалып, 1940 жылы сол елдің азаматтығын алған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталар тұста АҚШ Президенті Франклин Рузвельтке фашистерде "өте жойқын бомбының жаңа түрі" пайда болу қауіптілігін айтып, сол бағытта АҚШ та сондай зерттеулер жүргізу қажеттілігін ұсынған. Бұл хат Манхэттон проектісінің пайда болуына әкелген. Антигитлерлік коалицияны қолдаса да, жаңадан ойлап табылған атомдық бөлінуді қару ретінде қолдануды қош көрмеген. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде 1955 жылы дүние салған.