Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Ә. Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз". Монолог.
Біз бүгін Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогін сөз еттік. Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының өр тұлғасын бұдан асқан қай шығарма бізге жеткізеді? Әлбетте, ешқандай. Шығармадан қаһармандық рух сезіледі.
“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның өр мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен қалай дараланған десеңізші. Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған батырдың бейнесін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін көз алдымызда ашқандай болады. Шынымен де шығарманы оқып отырып кенет сол диалог жүріп жатырған жерде өзің де отырғандай сезінесіз. Романның стилі де ерекше. Жазушы мен батыр арасындағы диалог сол мезеттегі атмосфераны сезінуге әкеледі.
“Ақиқат пен аңыздың” көркемдік шешімі де, алға тартары да,ұғым, талғамы неде жатыр десек, командирінің Отан алдындағы міндетін бүкіл армия болып қабылдауында деп жауап қайырғым келеді. Бауыржан Момышұлының өзі ғана емес, жазушы да батыр. Құдайым-ау, ешқандай жазушыны маңына жолатпаған тұлғаға қалайша сұрақтарын қоя алды? Бұған да бір қайсарлық керек қой.
Қорытындылай келе айтарым, әрине, Бауыржан Момышұлы туралы туындылар жоқ емес. Алайда батырдың нағыз бейнесін шынайы жеткізіп білген шығарма біреу, ол – "Ақиқат пен аңыз".