Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.
Қазақ халқының қолөнері көшпенді халықтың қолданысына ыңғайлы сәнді бұйымдар жасайтын өндіріс. Табиғи шикізаттарды пайдалана отырып, қолөнершілер әртүрлі бұйымдар жасайды. Олар ат әбзелдері, құрал-саймандар, тұрмысқа керекті заттар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар. Бұл бұйымдарға қарап халықтың тұрмыс тіршілігін, салт дәстүріннің көрінісін көруге болады Музыкалық аспаптарды ағаштан жасады: домбыра, шаңқобыз, қобыз, сыбызғы және тағы басқалар. Қару жарақтар: найза, садақ, қалқан, қылыш, айбалта,қанжар және тағы басқа заттар. Ыдыс аяқтан құмыра, торсық, месі, күбі, кесе, қасық, құман, қазан т.б. Қол өнердің кеңінен дамыған саласы киіз үйдің заттары, киіз басу, жүннен мақта-мата, тон, көрпе-жастық, кесте тігу, ши орау,ағаш төсек жасау, бесік жасау. Сонымен қатар сәндік, зергерлік бұйымдар моншақ, сырға, сақина, білезік, шолпы, алқа және тағы басқа заттар.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтығын айтады.