«Дене шынықтыру сабағында» тақырыбына диалог құрастыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ағай!
Мұғалім: Түзел! Тік тұр! Бір мен екіге бөлініп, сана! Балалар келеп апатда мектебімізде «Салауатты өмір салты» апталығы өтеді. Апталық уақытында әрбір оқушы белсенді болып, өзі ұнататын спорт түрінен жарысқа қатыса алады.
Оқушылар: Мұғалім, қандай спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылады?
Мұғалім: Оннан аса спорт түрінен жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, жүгіру, ұзындыққа секіру,үстел теннисі және т.б.
Оқушылар: Ал біз сыныбымызбен футболға жазылып, қатыссақ бола ма? Біз үнемі өзіміз команда болып ойнап жүрміз.
Мұғалім: Әрине, болады. Онда сендерді тізімге жазып кояйын.
Оқушылар: Рахмет, ағай!
Мұғалім: Басқа қатысам деушілер бар ма?
Қыздар: Ағай, біз волейбол ойнап көрейік, ал қалғандары бізге жанкүйер болсын? Бастысы жеңіс емес, қатысу. Өз бағымызды сынап көрейік. Оның үстіне денсаулығымызға да пайдасы тиер.
Мұғалім: Жақсы, қыздарды волейболға жазып қойдым. Осы апта соңына қарай қосымша ақпарат беріліп, жарыстың өткізілетін уақыты хабарланатын болады. Ал әзірге жаттығуларымызды жалғастырайық. Екі командаға бөлініп, тұра қалыңдар...
Анама сыйлық.
Менің аяулы да ардақты анамның туылған күні жақындап келе жатыр.Ал мен сыйлыққа не берерімді әлі күнге дейін шешпедім.Анам қымбат сыйлықтарды ұнатпайды.Маған үнемі "маған қымбат иіссу алғанша,өзіңе дәптер мен қалам алмадың ба?!" деп айтатын.Сондықтан бұл жолы артық ақша құртып,анамды ашуландырмай-ақ қояйын деп шештім.Құрдастарым өз қолыңмен сыйлық жаса деп кеңес берген еді.Мен суретті жақсы саламын.Алайда құр сурет қарапайым болып кетеді деп ойлаймын.Өлең шығаратын қабілетімнің жоқтығын қарашы.Осылайша ұзақ ойланып еңбек сабағынан үйренген білімімді пайдалануды шештім.Таза, тік төртбұрышты ағашты алдым да ішін ойып рамка секілді жасадым.Ағаштың шетіне әдемі гүлдер салдым.Одан кейін тастармен әшекейледім.Анам екеуміз түскен фотоны салдым.Мінеки,өз қолыммен әрі әдемі фото салатын рамканы істеп шықтым.Енді ақ параққа өзімнің жүрегімнен шыққан тілектерді жазу ғана қалды...
Мен Астанаға жазғы лагерге бармақшы болдым.Жолдорбамды дайындап,пойызға отырдым.Сол кезде мен өз досымды көрдім.Біз екеуіміз көрші едік жəне көрші ғана емес жақын айырылмас достар едік.Ол көшіп кеткеннен кейін екеуміз көріспедік.Мен оны көргенде қатты қуандым олда лагерге барады екен.Екеуміз бір вагонда жаттық менің қуанышымда шек болмады.Міні,осылай пойызда кездесуіміз өтті.