М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kaspiii
Kaspiii
19.08.2020 03:02 •  Қазақ тiлi

Көшпелілер мәдениеті эссе​

👇
Ответ:
kornoliya
kornoliya
19.08.2020

А жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, а ң шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.

4,4(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
викся1231
викся1231
19.08.2020

Объяснение:

KzRuQaz Басты бет Жаңалықтар Уақыт керуені Қоғам Экономика Өңір Басқада Басты бет > Басқада > Әдебиет Көшпенділер туралы шығарма Oinet.kz 01-01-2020 Қазақ халқы ежелде көшпенді халық болмаған. Сондықтан ол көбіне киіз үйлерде тұрған. Оның себебі киіз үй жазда салқын, қыста жылы болған, оның үстіне оны бір жерден, екінші жерге көшіру өте оңай болған екен. Қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығымен айналысуы оның көшнпенді болуына негізгі себеп болған. Ал мал баққанда қыстың күні жейтін шөп табылатын өңірлерге ауысып отырған. Оны қазақта былай дейді: жазда жайлауға, қыста қыстауға ... Көшпенділер мәдениетіне келсек оның қазіргі қазақ салт-санасынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ, себебі бізде әдет-ғұрып, салт-дәстүр дегеніңіз жақсы сақталған. Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы бәрімізге таныс болар. Кейіннен оның сюжеті бойынша қазақ халқының тарихы туралы керемет кино-картина жарық көрген. Ол әлем кино сахналарында көрсетіліп, ерекше ілтипатқа бөленген фильм саналады. Фильмде қазақ халқы туралы, оның тыныс тіршілігі, XVIIІ ғасырдағы мемлекеттік санасының қалыптасуы туралы оқиға баяндалады. "Көшпенділер" фильмінің басты назарына 18 ғасырда қазақ жерінде болған нақтылы тарихи оқиғалар, жоңғар жаулаушыларына қарсы қазақтардың азаттық соғысы алынған. Фильмнің негізгі тұлғалары – бізге тарихтан белгілі тұлғалар Әбілқайыр хан, Абылай хан, данышпан Төле би, жоңғарлардың қолбасшысы Қалдан Церен. Фильмнің басты кейіпкері - Мансұр халықты артына ерткен сарбаз жолындағы бар қиыншылықтардан өтіп, кейін Абылай хан атанады. Сүйген қызы - Гауһар есімді батыр қыздың арқасында адами қасиеттерін де жоғалтпайды.

Ойнет жаңалықтар сайты: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=38&id=14882

© Oinet.kz

4,6(44 оценок)
Ответ:
ангелОк2512
ангелОк2512
19.08.2020

Объяснение«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).

- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).

- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).

- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).

«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/43388/:

4,8(88 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ