таһ
Объяснение:
шапан,қазақ көйлек, сәукеле, тақия и т.д
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
Еңбегі көптің өнбегі көп.
Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
Еңбегіне қарай - құрмет,
Жасына қарай - ізет.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбегіне қарай табысы,
Ерлігіне қарай дабысы.
Еңбегінен ел таныр.
Еңбегің болмаса елге өкпелеме,
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.
Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.
Еңбегің өнімді болса,
көңілің сенімді болар.
Еңбек адамның екінші анасы.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Еңбек - ата, жер - ана.
Еңбек әрі сүйсіңдіреді, әрі сиындырады.
Еңбек бейнет емес, зейнет.
Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,
жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін.
Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.