М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

: этикет ережелерін 10 ережені жазып, жібереміз дәптергеНе​

👇
Ответ:
egyrt
egyrt
06.02.2021
1-ереже: Сіз адаммен сөйлесіп отырғаныңызды есіңізде ұстаңыз. Сізді балабақшада үйреткен, алтын ереже қандай? Басқаларға олай істеме, әйтпесе оларда саған соны жасайды. Өзіңізді сөйлесіп отырған адамның орнына қойыңыз. Қоршағандарға тіл келтірмей, өз көзқарасыңызды білдіруден бас тартпаңыз.

Кейбір кеңістікте «Телекоммуникацияны пайдаланған кезде сіз адаммен сөйлесіп отырғаныңызды есте ұстаңыз, әйтпесе компьютер экранымен жұмыс істейсіз. Сіз қолмен ешнәрсе көрсете алмайсыз, дауыс ырғағын өзгерте алмайсыз, және сіздің бет пішініңіз де ешқандай рөлді білдірмейді. Сіздің сырласыңыз сөз, тек қана сөз көреді» деп айтылған.

Электрондық почта немесе телеконференция бойынша сөйлесіп отырған кезде сіздің сырласыңыздың сөз түсіндіруінде сіз жеңіл қателесуіңіз мүмкін. Өкінішке орай сіздің адресатыңыз да өзінің сезімі мен әдеті бар адам болуын ұмытпау қажет.

2-ереже: Шынайы өмірдегі тәртіп стандартын желіде де ұстаңыздар.

Шынайы өмірде біздің көпшілігіміз кейде шектеуге, кейде ұсталып қалмайық деп заңға бағынады. Виртуалды кеңестікте ұсталып қалу мүмкіндігі бар. Кейде адамдар «экран артында» тірі адам отырғанын ұмытып, желідегі тәртіп ережелері қарапайым өмірдегідей қатал емес деп ойлайды.

Бұл қателік түсіндіріледі, сонда да бұл қателік. Тәртіп стандарттары виртуалды кеңестіктің әртүрлі нүктелерінде әрқалай болуы мүмкін, бірақ шынайы өмірдегідей олар жұмсақ емес. Қатынас этикетін сақтаңыздар. «Барлық этикет сіздің өзіңіз үшін құрастырылғаннан тұрады» деп айтатындарға сенбеңіздер. Егер де сіз киберкеңістікте этикалық түрдегі мәселені кездестірсеңіз, онда оны шынайы өмірде қалай шешетініңізді ойлаңыз.

3-ереже: Киберкеңістікте сіз қай жерде екеніңізді есте ұстаңыз. Бір жерде бірден қабылданады, ол бірақ басқаларға дөрекілік деп саналуы мүмкін. Мысалы, теледидарлық бағдарламалар талқыланатын конференциялардағы әртүрлі сөздер мен өсектер – кәдімгі жағдай. Егер сіз олармен журналистикалық пікір-таласқа қатысуды шешсеңіз, Сізге ол ешқандай атақ қоспайды. Сондықтан виртуалды кеңістіктің жаңа аясында болсаңыз, алдымен жан-жағыңызға қараңыз. Уақытыңызды жағдайды түсінуге жұмсаңыз, адамдардың қалай және не туралы айтып жатқанын тыңдаңыз. Осыдан кейін әңгімеге түсіңіз.

4-ереже: Басқалардың уақыты мен мүмкіндігін сыйлаңыз.

5-ереже: Бет келбетіңізді сақтаңыз. Анонимдік ерекшелігін қолданыңыз. Желіде (мысалы конференцияда) сіз шынайы өмірде кездеспеген адамдармен кездесуіңіз мүмкін. Олардың ешқайсысы да сізді көрмейді. Сондықтан да ешкім сізді теріңіздің, көзіңіздің, шашыңыздың түсі, салмағыңыз, жасыңыз немесе киіміңіз үшін сөкпейді. Бірақ, сізді жазуыңыз бойынша бағалайды. Желідегілер үшін бұл өте маңызды. Осыдан грамматика ережесі ерекше орын алады. Қолданушыларды балағаттамаңыз. Және де төзімді, әрі сыпайы болыңыз. Нормативті емес лексиканы пайдаланбаңыз, ұрыс-керіс үшін ұрыс-керіске түспеңіз.

6-ереже: Қай жерде сіз көмектесе аласыз, сол жерде басқаларға көмектесіңіз. Соңында, осы кері жағдайдан кейін, бір жақсы кеңес. Виртуалды кеңістікте неге сұрақ қою тиімді? Өйткені сіздің сұрағыңыздың жауабын білетін көп адамдар оқиды. Тіпті тек бірнеше адам ғана жауап бергеннің өзінде, білімнің жалпы көлемі желіде ұлғаяды. Интернет ғалымдардың тәжірибе алмасуын өсіріп отыр. Кейінірек бұл үдеріске басқаларда әуестене бастады. Сондықтан – қатысыңыздар. Тәжірибе алмасу — әуестенетін іс. Бұл желінің бұрынғы және өте жақсы дәстүрі.

7-ереже: Бәсекелеске түспеңіз және оларды флеймге жіберіңіз. Флейм (flames) – бұл басқа қатысушы әңгімелерінің ойын ескермей айтылған эмоционалды ескертулер. Флейм – бұл да желінің ескі дәстүрі. Флеймдер шығарушыларға ғана емес, оны оқитындарға да пайдалы болуы мүмкін.

8-ереже: Жеке жазба құқығын сыйлаңыз.

9-ереже: Өз мүмкіндіктеріңізді теріс пайдаланбаңыз. Виртуалды кеңістікте кейбір адамдар өздерін профессионал (білікті маман) сезінеді. Бұл әрбір желілік ойындардағы шеберлер, әрбір офистегі сарапшылар және әрбір жүйедегі жүйелік адмитистраторлар. Басқа қолданушыларға қарағанда кең білімдері бар немесе қолдарында кең өкілеттігі бар бұл адамдар атақты тез алады. Бірақ, олар онымен қолданады дегенді білдірмейді. Мысалы, желілік адмистраторлар жеке почталық хабарламаны оқымауы тиіс.

10-ереже: Басқалардың қатесін кешіруде үйреніңіз. Әрбір адам кезінде жаңа адам болған және әрбірі бұл кітаптан мүддесін алып тастамайды. Сондықтан да біреу қате – ол сөздегі қате; абайсыз флейм; мағынас сұрақ немесе дұрыс емес ұзын жауап жіберген жағдайда – оған түсініспен қарауға тырысыңыз. Сіздің сұхбаттасушыңыздың – адам екенін ұмытпаңыз. Желі әкімшілігіне сөгіс жасамаңыз. Қысқаша болыңыз. Өзіңіз туралы ойды қадір тұтыңыз мағыналы тақырыпты қолданыңыз. Оқитындарды ойлаңыз. Әзілмен абай болыңыз! Кросс-постингке қызықпаңыз. Өз жауабыңызда айтылғандарды біріктіріңіз. және қысқаша жасаңыз. Конференция емес, электронды почта арқылы жауап беріңіз. Хабарламаға жауап бермес бұрын, алдымен барлығын оқып шығыңыз. Авторлық құқық және лицензия туралы есте сақтаңыз.
4,7(2 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Алёна16578
Алёна16578
06.02.2021

Объяснение:

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды. Өткен жылы Абайдың шығар­ма­ларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бас­тама бірнеше айға ұласты.

Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/94/

© e-history.kz

4,6(30 оценок)
Ответ:
hickov2003
hickov2003
06.02.2021

Алғашқы қар.

Сиқыршы қыс та келіп жетті. Күн аяздатып, көптен күткен алғашқы қар да жауды. Қар аппақ әрі мамық. Қолыңа тисе еріп кете барады. Қар түйіршектері алыстан қарасаң жай кішкентай ғана дөңгелектер секілді. Ал жақыннан қарасаң небір пішіндері бар екенін аңғарасың.

Қар толастамай жауған соң, ол күн көзіне шағылысып көзді ауыртады. Ал жүрсең аяқ астынан "қырт-қырт" еткен дыбыстар шығады. Айналаны бейне бір қардан жасалған көрпе көмкерген секілді.

Жіктелуі жалғауы жалғанған сөздер: кете барады, қарасаң, аңғарасың, ауыртады, шығады.

4,4(95 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ