Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөлжағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфақаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Мұхтар Әуезов туралы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, үй тапсырмасына Мұхтар Әуезов туралы ақпаратты өз беттерінше тауып келуді тапсырған болатынмын. Дайынсыңдар ма?
Оқушылар: Әрине, апай! Дайынбыз!
Мұғалім: Бәрекелді, ендеше тексеріп көрейік! Мұхтар Әуезов қай жылы және қай жерде дүниеге келген?
Мейрамгүл: Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.
Мұғалім: Жарайсың, Амира. Келесі сұрақ: Мұхтардың бала кезінен Абай мұрасына қызығушылығын оятқан кім еді?
Санжар: Абай мұрасына қызығушылығын оятқан атасы Әуез болатын!
Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар! Ал Мұхтардың атасының Абайға қандай жақындығы бар?
Еркебұлан: Мұхтардың атасы Әуез – Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі.
Мұғалім: Мұхтар Әуезовтың тұңғыш көлемді туындысын кім біледі?
Асылай: Мұхтар Әуезовтың тұңғыш көлемді туындысы «Еңлік - Кебек», оны 20 жасында жазған екен.
Мұғалім: "Еңлік-Кебек" ең алғаш қашан жіне қай жерде сахналанды?
Аспандияр: 1917 жылы Абайдың әйелі Әйгерімнің ауылында сахнаға қойылды.
Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Өте жақсы дайындалып келіпсіңдер! Ендеше сабағымызды жалғастырып, Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен таныс болайық.
Қазбек би үш бидің бірі әрі ортаншысы. Қазбек бидің дауысы зор болған.Ол кісі халықты әділ басқарған ұлы ғұламалардың бірі.Қазбек бидің әр айтқан сөзі халық үшін заң болған.