Сөйлемге фонетикалық талдау жасау:
Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген.
(С.Мұратбеков).
Торы – 2 буын: то – ашық, ры – ашық.
Т - дауыссыз, қатаң;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
Р – дауыссыз, үнді;
Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.
Дөнен – 2 буын: дө – ашық, нен – бітеу.
Д - дауыссыз, ұяң;
Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;
Н - дауыссыз, үнді;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.
Қос – 1 буын: бітеу.
Қ - дауыссыз, қатаң;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
С - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 3 әріп, 3 дыбыс бар.
Аяқтап – 3 буын: а – ашық, яқ – тұйық, тап – бітеу.
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Я – қосарлы дыбыс:
- й - дауыссыз, үнді;
-а - дауысты, жуан, ашық, езулік;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Қ - дауыссыз, қатаң;
Т - дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
П - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 6 әріп, 7 дыбыс бар.
Шаба – 2 буын: ша — ашық, ба – ашық.
Ш – дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Б – дауыссыз, ұяң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.
Жөнелген- 3 буын: жө – ашық, нел – бітеу, ген – бітеу.
Ж - дауыссыз, ұяң;
Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;
Н - дауыссыз, үнді;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Л - дауыссыз, үнді;
Г – дауыссыз, ұяң;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 8 әріп, 8 дыбыс бар.
Көптілділік – заман талабы.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
деп ХХ ғасырда Қадыр Мырза Әлі айтқандай, ХХІ ғасырда кем дегенде
Үш тіл білу – заман талабы. Орыс тілі мен ағылшын тілі қарым-қатынас тілдері болып есептеледі. Оларды білу- көптік етпейтіні ақиқат. Көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан жастарға көптілді меңгеруге жағдай жасалуы керек.. Көптілді меңгерген азамат өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге қабілетті. Ал мемлекеттік тілді білу-парыз. Бүгінде елімізде ағылшын тілді үйрену ісіне ерекше мән берілуде