Берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Құрманғазы Сағырбайұлықазақтың атақты күйші-композиторы, халық арасында "күй атасы" атанып кеткен.
2. Оны күй өнеріне баулыған әрі алғашқы ұстазы Ұзақ күйші болатын.
3. Халық арасында "күй атасы" атанған Құрманғазы Сағырбайұлының күйлері:
"Адай"
"Сарыарқа"
"Балбырауын"
"Қайран, шешем"
"Түрмеден қашқан"
"Көбік шашқан"
"Балқаймақ"
"Бұқтым - бұқтым"
"Ертең жетем"
"Қызыл қайың"
"Қош, аман бол"
"Қапы"
"Айжан-ай"
"Кішкентай"
"Кісен ашқан"
"Ақбай"
"Ақсақ киік" т.б.
Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келеді.
4. Құрманғазы - күйлерінде азаттықты аңсап, бостандықты жырлап өткен дара тұлға.
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.